{metadescription}
2021 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

2021 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

2021 жылы қазақстандықтарды жаңа заңдар күтеді! Елде зейнетақы, жәрдемақы және айлық есептік көрсеткіш өсуі керек. Шенеуніктер біздің өмірімізді сәл өзгертетін бірқатар жарлыққа қол қойды. Ендеше 2021 жылы болатын еліміздегі маңызды деген жаңалықтармен танысайық.

Тұрғын үй

«Бақытты отбасы», «Шаңырақ» тұрғын үймен қамту бағдарламаларының шарттары өзгерді. Үй алуға ниетті салымшылардың табыс шегі ұлғайтылды. Бұл 2021 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасымен әр отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы шарт немесе 106 336 теңгеден аспауы тиіс. Бұл меже бұған дейін екі күнкөріс минимумын құрайтын. «Шаңырақ» бағдарламасымен үйлі боламын дегендердің күнкөріс минимумы отбасы мүшелеріне шаққанда 126 917 теңге болуы керек. Отбасында төрт адам болса, «Шаңырақ» бағдарламасымен пәтер алуға ортақ айлық кіріс шамамен 507 мың теңгеден кем болмауы қажет. 

Зейнетақы

1-қаңтардан бастап «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес зейнетақы мөлшері жеті пайызға өседі. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 1 689 теңгеден 18 524 теңгеге өседі. Ал ең төменгі зейнетақының өзі 4,6 мың теңгеге өсіп, 43 272 теңгені құрайды. Әйелдердің зейнетке шығу жасы да ұлғаяды, олар 60-та лайықты демалысына шығады. Айтпақшы, 2020 жылы зейнетке шығу жасы 59 жарым жас деп белгіленген. Ер адамдар ға бұрынғыдай 63 жас.

Жәрдемақылар

Жәрдемақы, өсімпұл, салықтарды және басқа төлемдерді есептеудің айлық есептік көрсеткіші 2 917 теңгені құрайды. 2020 жылы АЕК екі рет өзгертілді, жыл басында ол 2 651 теңге, ал 1- сәуірден бастап 2 778 теңгеге дейін көтерілді. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс мөлшері 34 302 теңге. Бірақ 2021 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге деңгейінде қалады. Бұл 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап өзгерген жоқ. Бірақ жаңа жылдан бастап ол 38 мыңнан астам әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын бір жарым есеге арттыруға уәде беріп отыр.

Медицина

Uchet. kz-тің хабарлауынша, 2021 жылдан бастап жұмыс берушілерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналар ставкасы өседі. Сондай-ақ жаңа жылда жұмысшыларға, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға қорға төленетін жарна қарастырылған. Егер жарна 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап жарнаны есептеу объектісінің 1 пайызын құраса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 пайыз.

Салық

10-желтоқсанда Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды. Жаңа ереже бойынша көлік салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 31-желтоқсанынан келесі жылдың 1-сәуіріне ауыстырылды. 2021 жылы 2020 жылғы міндеттемелер жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын біріздендіруді көздейді. Салық қазіргідей бөлек есептелетін болады, бірақ салық төлеушіден бір мөлшерде алынады. Сондай-ақ 2021 жылы көп пәтерлі тұрғын үй иелеріне жер салығы жойылады.

Парламент сайлауы

2021 жылы 10-қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс сайлауы өтеді. Бес партиядан үміткерлер қатысады: Nur Otan, «Ақ жол», ҚХП, «Ауыл» және «Адал».

Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы

2021 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету Қазақстанға өтеді.

ЕАЭО құру туралы келісім 2015 жылдың 1-қаңтарында күшіне енді. Ұйым Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды

Білім беру

2021 жылдан бастап білім беруді басқару жүйесі өзгереді - аудандық және қалалық білім бөлімдері мамандандырылған аймақтық басқармаларға бағынышты және есеп беретін болады. Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерін басқару мен қаржыландыру сонымен қатар облыстық деңгейге және облыстық бюджетке өтеді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов реформалар туралы хабарлады. Оның айтуынша, жаңа шаралар Білім министрлігінен бастап әр мектеп пен балабақшаға дейінгі жолды қысқартуға көмектеседі.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу

Жаңа жылдың ең күтілетін жаңалықтарының бірі - тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу және қаржы институттарына сенімгерлік басқаруға беру үшін зейнетақы жинағын  мерзімінен бұрын алу. Президент Тоқаевтың халыққа Жолдауында 2021 жылы 700 мың қазақстандық зейнетақысының бір бөлігін ерте пайдалана алады деп сендірді. Алайда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы заңнамалық өзгерістердің бәрі бірдей мақұлданған жоқ. Соманы «жеткіліктілік шегін» ескере отырып алуға рұқсат етіледі. Ол әр жасқа әрқалай.

Саусақ ізі

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы» заң күшіне енеді. Бұл саусақ ізі мен геномдық ақпаратты жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтиды. Яғни, азаматтар жаңа құжатты қабылдау кезінде осы процедураға тап болады. Олар қазірдің өзінде биометриялық болады – кіріктірілген чиппен. 12-ден 16 жасқа дейінгі балалар саусақ ізін олардың келісімімен және ата-анасы немесе қамқоршысының қатысуымен ғана алуға болады. Ал 16 жастан бастап саусақ ізі қазақстандықтарға міндетті болады. Айтпақшы, құжатты жыл басында бірден өзгерту қажет емес, онда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жарамды болады. Бірақ азаматтардың саусақ ізін мәжбүрлеп тіркеуден өткізуден бас тартуы 2 АЕК - 5834 теңге айыппұл салуға әкеп соғады.

Рақымшылық

2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады. Бұл азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмысқа  барған адамдарға қатысты.

Халық санағы

2021 жылдың 1-қазанынан 30-қазанына дейін Қазақстанда ұлттық халық санағы өтеді. Бұл 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты болмады. Санақ науқанына жұмсалған шығын 8 миллиард теңгеден немесе 10 миллион доллардан асады деп хабарланды. Бұл сомаға санақ  жүргізушілерге жалақы төлеу, планшеттер сатып алу және басқалары кіреді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде