{metadescription}
Вакциналау басталды: Қашан? Кімге? Қалай? Неге?

Вакциналау басталды: Қашан? Кімге? Қалай? Неге?

Сонымен, елімізде ақпанда вакциналау басталады. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина ең алдымен кімдерге салынады? Екпе тегін бе? Бір күнде бәріне салып шыға ма? Ол қаншаға созылады? Екпе алудан бас тартуға бола ма? Екпе салардан бұрын қандай талап қояды? Екпе салардан бұрын сол вакцина туралы толық мағлұмат бере ме?

Коронавирус инфекциясының вакцинасы 1-ақпаннан бастап егіледі.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егіледі? Бұл топтарға кіретін азаматтарға екпе – тегін.

Бірінші кезеңде:

  • Инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлері;
  • жедел жәрдем қызметінің мамандары;
  • жан сақтау бөлімінің қызметкерлері;
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметі қызметкерлері;
  • ауруханалардың қабылдау бөлімінің қызметкерлері;
  • санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары;

Екінші кезеңде:

  • жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері;
  • ЖОО оқытушылары;
  • ведомстволық медицина қызметінің мамандары;
  • Наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі.

Үшінші кезеңде:

  • мектеп-интернаттарының педагогтері;
  • балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері;
  • студенттер;
  • созылмалы ауруы бар азаматтар:

Сәуірден бастап шамамен 600 мың адамға вакциналау жүргізіледі. Екпе вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Жоспарда бар топтар:

  • ТЖМ;
  • ІІМ;
  • Қорғаныс министрлігі;
  • ҰҚК;
  • Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері.

Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген. Вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина ұйымдарына дейін арнайы стандарт жауапкершілік жүктелетін азаматтарды белгілейді.

Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады.

• Бірінші кезең - өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу;

• Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу;

• Үшінші кезең - денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу;

• Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау.

Коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салғызатын адамнан міндетті түрде жазбаша келісім талап етіледі. Яғни вакцина алу үшін азаматтар жазбаша келісім беруі керек.

Вакциналау 21 күндік аралықпен екі кезеңде жүргізіледі.

КВИ екпесін тұрғылықты мекені бойынша тіркелген емханадан алуға болады. Бұл ретте қауіп тобына жататын азаматтарды екпе алуға учаскелік дәрігерлер шақырады немесе жұмыс орыны мен оқу орынына байланысты екпе салу ұйымдастырылуы мүмкін.

Профилактикалық егу медициналық қарсы көрсетілімі жоқ адамдарға және науқас немесе заңды өкілі хабардар етілген жазбаша келісімімен салынады.

Медицина қызметкері вакциналау алдында екпе салдыратын адамға вакцина жайлы, ықтимал жанама әсерлері және одан бас тартудың салдары туралы ақпарат бере отырып тексереді.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті сияқты созылмалы ауруы бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің ұжымын қоса алғанда, халықтың осал топтары тегін екпе алады.

Егу алдында әр адам вакцинаның құрамы мен өндіруші туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы.

Қазақстан Республикасы кодексінің 77-бабына сәйкес,  ҚР азаматтары профилактикалық вакциналаудан бас тартуға құқығы бар.

Эпидемияның зиянын вакциналаудан кейін өте сирек кездесетін кейбір әсерін, асқынулармен салыстыруға болмайды.

Коронавирус вакцинасы 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Екпе салмас бұрын медицина қызметкері пациентті міндетті түрде тексереді. Медициналық қарсы көрсетілімі болса, жазылғанға дейін екпе кейінге қалдырылады.

Вакцина алған адамдар ауру жұқтырудан және патогеннің одан әрі берілуінен қорғалған. Бұл инфекцияның кез келген тізбегін бұзады.

Жаппай вакциналау шектеу шараларын тоқтатып, күнделікті өмірге оралуға мүмкіндік береді. еспубликасфы кодексінің Респу

Вакциналаудың баламасы  - өзін-өзі оқшаулау және карантин.

Вакциналау нәтижесінде инфекциядан қорғайтын және жаппай иммундау кезінде халықтың жұқтыру және сырқаттану қаупін төмендететін нақты иммундық реакция пайда болады.

Иммундау нәтижесінде соңғы 20 жылда Қазақстанда ауру деңгейі төмендеді:

  • қызылша 56 еседен астам;
  • эпидемиялық паротит 119 еседен астам;
  • «в» вирустық гепатит тұрғындар арасында 34,7 есе, балалар арасында 262 есе;
  • көкжөтелге шалдыққандар саны тұрақты төмен деңгейде;
  • ифтерия мен сіреспенің жекелеген жағдайы кездеседі;

ҚАЗАҚСТАНДА ТІРКЕЛГЕН БАРЛЫҚ ВАКЦИНА (ӘРБІР СЕРИЯ, ПАРТИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТҮСКЕНГЕ ДЕЙІН ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН САПАСЫ БАҚЫЛАУДАН ӨТКІЗІЛЕДІ. НАРЫҚҚА ТЕК ТИІМДІ, ҚАУІПСІЗ ВАКЦИНАЛАР ЖІБЕРІЛЕДІ. 

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ ІНДЕТТІ АЗАЙТУҒА ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАСЫН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде