{metadescription}
Зейнетақы ақшасын алу: тұрғын үй бағасы не болады

Зейнетақы ақшасын алу: тұрғын үй бағасы не болады

Жұрт зейнетақы қорынан ақша шешіп алуға өтінім бере бастады. Халықты бірінші кезекте түрғын үй мәселесі алаңдататыны рас. Ал енді сарапшылар қараша зейнетақысының бір бөлігін шешіп алғанда баспана бағасы шарықтайды деп болжаған болатын. Ендеше еліміздегі қазіргі тұрғын үй нарығында қандай өзгеріс бар?  

Әзірше тұрғын үй бағасының шарықтауы, дүрбелең, алыпсатарлықтың бәлендей әрекеті байқалған жоқ. Баспана бағасының өсу қарқыны қалыпты.

Сарапшылар еліміздегі басты үш қаладағы ұсыныстардың орташа бағасын зерттеп, осындай қорытындыға келді.

2021 жылы қаңтарда (21 желтоқсандағы жағдай бойынша) Нұр-Сұлтанда 1 ш.м 357133 теңгені ұсынады. Желтоқсанмен салыстырғанда индекс 1,5 пайызға өскен.

Сонымен қатар алдыңғы айдағыдай динамика байқалды (+ 1,5%), және бұған бағаның құлдырауы әсер еткен. Салыстырайық: 2018, 2019 жылдардағы кейбір кезеңдерде динамика айына 2% -дан асқан болатын.

Жалпы, өткен жылы өсім 5,2% құраған. Ең жоғары баға қазан айында, ал ең төменгі 2020 жылдың қаңтарында болды. Қазір бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтарына сәйкес келіп тұр.

2019 жылғы жылдық қарқыны төмен, 2% шегінде, 2018 жылы - 3%, дегенмен айтарлықтай тұрақсыздану байқалмайды.

Алматыда бір шаршы метрді сатушылар орташа есеппен 466 133 теңгеге бағалайды, бұл желтоқсан айымен салыстырғанда 1,8% -ға қымбат. Ең үлкен шарықтау наурызда (+ 2,8%), сәуірде (+ 2,7%) және қазанда (+ 2,7%) болды.

Нұр-Сұлтаннан айырмашылығы, мұндағы өсу қарқыны анағұрлым тұрақты және бір жылда аудан бірлігі 10,8 пайызға қымбаттады. 2019 жылы бағаның өсу индикаторы жоғары болып, жылына 12,7% құраған еді.

Шымкентте шаршы метр 312 367 теңгеден ұсынылады - бұл желтоқсанға қарағанда 2,6% қымбат. Сонымен бірге желтоқсанда өсім 3,2% -ке тең болды, қазанда - 3,9%, ал наурызда - 3%.

Бір жылда индекс төрттің біріне өсті, бірақ бұл зейнетақы қорынан ақша алуды күткен кезде болған жоқ. Көптеген басқа қалалардағыдай, мұнда да 2018 жылдан бастап тұрақты оң үрдіс байқалады және бұл валюта бағамының дағдарысынан кейін және 2015-2017 жылдардағы долларсызданудан кейінгі нарықтың қалпына келуімен байланысты болуы мүмкін.

Бірақ нарықта әлі де болса шарықтау байқалып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сатушылар арасында жүргізілген сауалнама халықтың салынып жатқан нысандарға деген қызығушылығы артқанын көрсетті, ал үй сатып алушылардың көпшілігінде жинақ ақшасының басым бөлігі бар.

Осылайша кейінге қалдырылған сұраныс бар екенін айтуға болады. Сатып алушылар, өз кезегінде, сатушылар саудаластыққа аса сақтық таныта бастағанын, бірақ бәрібір жеңілдік жасалып жатқанын айтады.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ақша алуға қол жеткізе алатын салымшылардың шамамен үштен бірінің шотында миллионға жетпейтін ақша бар.

Тағы үштен бірінің шамалы сомасы - 2-3 миллион теңге. Бұл ресурс, бәлкім, әлі де күте береді немесе ол қаражат ипотеканы жабуға жұмсалады. Сайып келгенде тұрмыстық жағдайын жақсартуды жоспарлаған және осыған едәуір қаражат жинағандар саны көп емес.

Күтілетін сұранысты жүзеге асыру толқыны болуы мүмкін, бірақ кейбір келісім баламалы болмақ – бір пәтердің орнына басқа пәтер сатып алу сияқты.

Бұл жағдай нарықты айтарлықтай тұрақсыздандырмауы керек. Сонымен қатар бәсекелестік белгілі бір дәрежеде күшейіп, нарықта үй сатып алушыларды қызықтыратын өтімді нұсқа көбірек болады.

Әрине, бұның бәрін нақты бағалау әлі мүмкін емес. Қазақстан Республикасының барлық қаласындағы түрғын үй нарығындағы жағдайға  шолуды ақпан айының басында ұсынамыз.

Материал "Крыша.кз" сайтынан аударылып алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.