{metadescription}
Тест: Сіздің психологиялық портретіңіз

Тест: Сіздің психологиялық портретіңіз

Әр адамның өзінің жеке және көп қырлы ішкі әлемі бар. Біздің мінез-құлқымыздың бірқатар ерекшелігі белгілі бір жағдайда іс-әрекеттеріміз бен қабылдаған шешімдерімізді анықтайды. Психологиялық портрет тесті жеке тұлғаның толық сипаттамасын береді. Мінездің, темпераменттің, ақпарат ағынын қабылдаудың, талдау және ымыраға келудің күшті және әлсіз тұсы бар.

Сурет арқылы тест несімен қызықты?

Тест нәтижесін талдау кезінде суреттің көмегімен жеке бейнеңіздің көрінісін егжей-тегжей көруге болады. Бұл кемшілікті бетке басып, жақсы қасиетті арттыруға септігін тигізеді, яғни оң және терістің тепе-теңдігін қалыптастырады.

Психологиялық портрет тесті дұрыс тексерілген жағдайда ғана нәтиже береді. Суретті таңдағанда барынша шын жауап беріңіз. 

9 суреттің ішінен қайсысына ұзақ уақыт қарай бергіңіз келеді?

ЖАУАП:

1. Өршіл прагматик

Сіз адамға игілік тектен-тек, оңай келеді деп ойламайсыз. Байлықты маңдай термен табады дейсіз. Яғни, ешкімнен көмек күтпей, талмай еңбектеніп қана табу керек дейсіз. Әрдайым тек өзіңізге ғана сенесіз. Көздеген мақсатқа ұмтылудың арқасында өмір жолында үлкен биіктерге жетесіз.

2. Ерекше жаңашыл

Қалыптасып қалған ұғымды бұзуға құмарсыз. Тағдырым солай деп қол қусырып отырмайсыз. Сіздің кейбір әрекеттеріңізді көбісі түсінбей дал болады. дырады. Егер барлығы оңға қарай жүрсе, сіз солға бұрылып кетуді жөн көресіз.

3 Сезімтал ойшыл

Әр нәрсені, кез келген ұсақ-түйек болмашы дүниені көңіліңізге аласыз. Маңызы жоқ нәрсені жүрегіңізге жақын алуға дағдыланғансыз. Барлық іс-әрекетіңізді мұқият талдап, болашаққа қорытынды жасай аласыз. Өзге біреудің қайғысын, бақытсыздығын, қиын жағдайын терең түсініп, көмек қолын созуға дайынсыз.

4. Табиғи үйлесімділік

Егер жеке тұлғаны анықтайтын барлық суреттің ішінен таңдау осыған сәйкес келсе, сіздің ішкі жан-дүниеңіз, эмоцияңыз бен әрекеттеріңіз үйлесімді деуге болады. Сіз өзіңіздің ар-ұжданыңызға сай әрекет етуге дағдыланғансыз, соған сәйкес жылдам байланыс орната аласыз. Арамдықты, зұлымдықты жек көресіз.

5. Тынымсыз әзілкеш

Әрдайым ашық-жарқын, көңілін түсірмеуге тырысады. Өмірдің тек жақсы жағын қабылдайды. Кез келген адамның көңілін бір сәтте жадыратып көтеріп жібереді. Мұндай адам жалғыздықтың не екенін білмейді, өйткені айналасы әрқашан түрлі адамға толы. Жанында үнемі жақыны да, туысы да, туғаны да, достары да болады.

6. Адамгершілігі жоғары, рухани

Әлемді сәл де болса жақсартуға үлесін қосуға дайын. Адамдардың бір-біріне мейірімді, кешірімді болуына деген ұмтылысы өмірде алға жетелейді. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, өз тәжірибесімен бөліскенді жақсы көреді. Өзін  үнемі рухани жетілдіруге ұмтылады.

7. Қағілез, икемді, өте епті кәсіпкер

Кез келген жағдайдан пайда табудың түрлі әдісін таба алады. Адамгершілік қағидалары сізді онша мазаламайды, бастысы – көздегеніңізге жету. Сіздің өткір ойыңыз небір идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі.

8. Ішкі түйсігі жақсы дамыған, сезімтал

Ішкі түйсігіңіз күшті дамыған. Интуицияңыз жоғары. Тіпті кейде өз іс-әрекетіңізді түсіндіру қиынға соғады. Неге десеңіз, оны ішкі түйсігіңізге сүйеніп жасадыңыз. Ешбір адам тағдырдың сізге жіберіп тұрған белгісін тап сіздей тамырын тап басып біле алмайды.

9. Сезімтал романтикалық.

Жан-дүниеңіз керемет бақытты сезімге толы. Өз ішкі сезіміңізді, ішкі үйлесімдікті бұзбау үшін тіпті жаман нәрсені де «жақсы» деп, оны елемеуге, байқамауға дайынсыз. Жалғыз өзіңіз қалған сәтте қиялға беріліп, армандағанды жаныңыз сүйеді. Адамдармен қарым-қатынаста әрдайым жайдары, ашық.

Оқи отырыңыз: ТЕСТ: ТАБИҒАТТЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕСІЗ

АМЕРИКАЛЫҚ ТАҢҒАЖАЙЫП ТЕСТ: СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?

ТЕСТ: ҚАТТЫ КҮЙЗЕЛІСТЕ ЖҮРСІЗ БЕ?

ТЕСТ: СІЗДІ НЕ МАЗАЛАП ЖҮР?

ТЕСТ: ӨМІРДЕ ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАСЫМДЫҚ БЕРЕСІЗ?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде