Қатерлі ісіктен сақтануға, емделуге бола ма?
Елімізде жыл сайын қанша адам қатерлі ісікке шалдығады? Ең көп тараған түрі қандай? Обырды тегін емдей ме? Қанша науқас окологиялық есепте тұр? Қатерлі ісікті емдейтін елімізде қандай бағдарлама бар? Қатерлі ісігі бар адамға психологиялық көмек көрсетіле ме? Обырдан қалай сақтанамыз?
Автор: Заира Сабитова
Елімізде қатерлі ісіктің ең көп тараған түрі: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыр.
Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ертерек анықтауда ұлттық скринингтік бағдарламалар бар. Ел азаматтарына онкологиялық ауруды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ГОБМП) кіреді және мемлекет бюджетінен қамтылған.
Қазір жетекші онкологиялық қауымдастықтардың халықаралық хаттамасына сәйкес онкоуруларды емдеудің заманауи түрі жүргізіліп жатыр. Таргетті терапия, иммунотерапия және гендік инженерия қолданылады. Барлық химиотерапиялық және таргеттік препараттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) жүргізіледі.
Ең көп таралған қатерлі ісік түрлерін ерте анықтауға арналған онкоскринингтерді тұрғылықты жері бойынша (тіркелген жері бойынша) емханалардан өтуге болады.
Әр азамат скринигтен өткені дұрыс:
- Сүт безі қатерлі ісігініңі;
- 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер 2 жылда 1 рет жатыр мойны қатерлі ісігі;
- 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда 1 рет колоректальды қатерлі ісік (тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі);
- 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет скрининг;
Диляра Қайдарова, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы:
-Елімізде 10-15 жыл бұрын емдеу мүмкін болмаған кеселдерге ем бар. Онкоауруларды емдеудегі әлемдегі үздік әдістемелер игеріліп, ол белсенді қолданылады. Ол тегін емделуге мұқтаж әр азаматқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көрсетіледі. Негізі ұзақ емделуден арылуға, өмірді сақтап қалуға болатын басты нәрсе – тұрақты онкоскрининг пен аурудың ерте кезеңінде дәрігерге қаралу.
Хабдырахман Беркімбаев, онколог-дәрігер:
-ішетін асымыз да қатерлі ісіктің дамуына әсер етеді. Обырдан сақтану үшін күніне ең кемінде 5 рет көкөніс пен жеміс жеу керек. Яғни көкөніс пен жеміс-жидекті, өсімдіктен жасалған өнімдерді, соның ішінде шырынды күніне ең кемінде бес рет тұтынған жөн. Бұршақ тұқымдастарды, пияз бен сарымсақты, кепкен жемістерді, сүт және балық өнімдерін ас мәзіріне кіргізу керек. Майлы тағамды азайтып, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстауға тырысу қажет. Дұрыс тамақтану нәтижесінде ағзаға қажетті дәрумендерді алып қана қоймай, онымен қоса емделеміз де.
Қатерлі ісіктің кей түрін белгілі бір кезеңде емдеп жазуға болады. Әлі күнге дейін обырдың нақты неден пайда болатыны анықталған жоқ.
Қауіпті дерттің алдын алу:
- Скринигтен өту;
- Күтіну;
- Еңбек пен демалыстың ара жігі болуы керек;
- Спортпен айналысу;
- Жағымсыз эмоцияларға жол бермеу;
- Ас ішуді жоспарлау;
- Дұрыс тамақтану. Асты талғап жеу;
Бас тарту:
- сүрленген, қуырылған, консервіленген, маринадталған, тұздалған өнімнен;
- натрий нитриті қосылған тағамнан;
- шай мен тамақты қатты ыстық күйде ішпеу;
- алкоголь, темекіден;
- сырадан, қазіргі сыралар обырдың пайда болуына әсер етеді. Және семіздікке әкеліп, ағзадағы гормонды тепе-теңдікті бұзады.
чипсы, попкорн, фри картобы;
СТАТИСТИКА:
- Елімізде жыл сайын қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жағдайы тіркеледі.
- Диспансерілік есепте 190 мың адам тұр.
- Жылына қатерлі дерттен 14 мыңнан астам адам қайтыс болады.
- Ковид-19 індеті басталғаннан бері Қазақстанда 2 мыңнан астам онкологиялық науқас коронавирус жұқтырды.
- 2 549 науқас COVID-19-ды жұқтырған.
- Оның 29-ы қайтыс болды.
- 2010 жылдан бастап сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілуде.
- 2012 жылы онкопсихологтардың жеке кәсіби қызметі пайда болды.
- Былтыр, 2020 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік ауруы 173,5%-ды құраған – 32 526 жаңа жағдай анықталған.
- Сырқаттанудың төмендеуі - 11,3%.
Науқастан вирустың жеңіл түрі расталса, ол 14 күн үйінде оқшауланады. Одан кейін ПТР-тесттен өтеді, егер нәтижесі теріс болса, онкология бойынша емін қабылдай береді. Химия және ота жасардан бұрын науқастардың барлығының өкпесін компьютерлік томогорафияға түсіреді.
Емделуге мүмкіндік бар:
Аурудың сатысы мен таралуын дәл анықтауға, емдеудің оңтайлы режимдерін таңдауға, жеке терапияны қолдануға, сәулеленудің немесе химиотерапияның оңтайлы курсын тағайындауға, емдеудің тиімділігін бақылауға және негізсіз операцияларды болдырмауға көмектесетін МРТ және ПЭТ-КТ диагностикасын, молекулалық-генетикалық зерттеулер мен телепатологияны енгізілген.
Обырдың ерте белгілерін анықтайтын және анықталған аурулары бар науқастарға алғашқы көмек көрсететін емханалардың қызметкерлері бар.
Онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспары бар.
Қатерлі ісіктің кең таралған түрлерімен ауыратын науқастарға үйде паллиативтік көмек көрсету бойынша мобильді топтар жұмыс істейді.
Сұхбат Қазақпарат порталынан алынды.