{metadescription}
Жылжымайтын мүлік алуды жоспарлап жүрсіз бе? Сарапшы кеңесі

Жылжымайтын мүлік алуды жоспарлап жүрсіз бе? Сарапшы кеңесі

Елде жылжымайтын мүлік бағасы күрт қымбаттады. Сарапшылар баспана алуды жоспарлап жүргендерге қандай кеңес береді? Үй салушылардың баға көтерудегі алыпсатарлығы туралы не дейді? Қазақстанда пәтер құны бір жылда қанша пайызға өсті? Жылжымайтын мүлік бағасы зейнетақы жинағынан қаржы алу бағдарламасына байланысты қымбаттады ма?

Көптеген сарапшылар бағаның өсуін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудан туған  дүрлігумен байланыстырады. Сонымен, жылжымайтын мүлік алуды жоспарлап жүргендерге сарапшы қандай кеңес береді?

Қалай десең де, үй сатушылар баспанаға сұраныс көбейгендіктен, бағаны қымбаттатып жатқаны байқалады.

Сарапшылар баспана алуды жоспарлап жүргендерге таңдау жасауда қандай кеңес береді?

Назарларыңызға еліміздің тұрғый үй нарығы тәжірибелі маманының ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатын ұсынамыз.  

Нина Лукьяненко,  Қазақстанның біріккен риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі:

-Қаңтар айында жаңа баспаға бағасы 3%-ға, ал жабдықталған баспананы қайта сату кезінде 5%-ға көтерілген. Ал зейнетақы қаражатын пайдалану ережелері тек қаңтар айының соңында пайда болды, бұл ақшаға баспана сатып алу мүмкіндігі қаңтардағы мәмілелерге ықпал еткен жоқ. Бұл нарыққа да, екі жаққа да жақсы әсер ете қоймайды.

-Ал енді әрі қарай арзандау туралы айтар болсақ, бұл клиенттердің әрекетіне байланысты. Егер сатып алу туралы шешім сатушылардың жаңа «тәбетімен» қабылданса, онда жақын арада үй арзандамайды. Ал егер сатып алушылардың шешімдері «баға-сапа» қатынасына сәйкес келсе, ертелі-кеш нарық тепе-тең күйде келеді. Әрине, жыл соңына дейін, төлем қабілеті расталған сұраныстың артуынан мәмілелердегі баға әлі де жоғарылауы мүмкін.

 -Асығу ешқашан жақсы кеңесші болған емес, сатып алу мақсатын, пәтердің не үшін қажет екенін және неліктен қазір алу керектігін анықтау керек. Шешім қабылдауға асықпаңыз, сатушымен саудаласыңыз.

 -Бағаның өсуі алыпсатарлық емес, сатып алу қабілеті де ұлғайды. Тіпті пәтер алуға қаржысы жетпегендер де қаражат қосып, ипотека арқылы алып жатады. Қазір сатып алушылардан алуан түрлі сомалармен өтініштер көріп отырмыз, БЖЗҚ-дан тек 2 млн қаражаты барлармен де мәміле бекітеміз. 15 миллион және одан жоғары сомаға да көптеген өтініш бар, 40 миллионнан басталатын да өтініштер бар.

-Жалпы, кейбір сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда пәтер құны бір жылда 13 пайызға өсті. Жылжымайтын мүлік бағасы зейнетақы жинағынан қаржы алу бағдарламасына байланысты қымбаттаған.

-Бүгінде қайталама нарықтағы шаршы метрдің бағасы рекордтық 230 мың теңгеден асты. Үлестік құрылысқа да баға көтерілді. Мысалы, сенімділігі жағынан өзін көрсете білген компаниялардың Нұр-Сұлтандағы құрылысы басталған ТК бағасы – шаршы метріне 346 мың теңге, яғни ауданы 85 шаршы метрден асатын комфорт класты үш бөлмелі пәтер 29 млн теңгеден асады.

Ал өткен жылы үлестік қатысу пәтерінің бағасы 24-25 млн теңге болған. Аса танымал емес компанияларда осындай тұрғын үйдің шаршы метрі 280 мың теңгеден ұсынылып отыр. Бірақ мұнда тәуекел ықтималдығы жоғары.

Дегенмен сарапшылар жаппай сатып алулар болмайды деп болжап отыр. Экономистердің айтуынша, жинақтағы артық қаражатқа қазақстандықтардың тек 6%-ы немесе 700 мыңнан астам адам қол жеткізе алады.

Krisha.kz 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы 2,3% өскенін айтады.

2121 жыл, қаңтардағы жылжымайтын мүліктің орташа бағасы, шаршы метрі/тг:

Алматы – 468 400 тг;

Нұр-Сұлтан — 357 125 тг;

Ақтау – 191 875 тг;

Атырау – 283 150 тг:

Ақтөбе  – 178 800 тг;

Орал – 228 725 тг;

Петропавл – 308 425;

Павлодар – 255 650;

Қостанай – 253 825 тг;

Қарағанды – 287 825 тг;

Өскемен – 296 625

Көкшетау – 263 575

Қызылорда – 156 625

Семей – 237 050 тг;
Тараз – 214 950 тг;
Талдықорған – 259 850 тг;
Шымкент – 312 875 тг;

-Қаңтардың екінші жартысында бірқатар қалада бағаның өсу қарқыны байқалды. Бірақ бұл зейнетақы жинағын пайдалану  бойынша көш бастап тұрған аймақтарда болған жоқ. БЖЗҚ дерегі бойынша шотында артық қаражаты бар салымшылардың көпшілігі Алматыда, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Маңғыстау және Атырау облыстарында тұрады. Бұл аймақтарда тұрғын үй бағасының жоғары өсімі байқалмайды, - деп жазады krisha.kz.  

Айта кетсек, биыл 26-қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

-Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажет. Тұрғын үй төңірегіндегі дүрбелең мен баға өсімін ұстап тұруға бағытталған нақты шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аудару қажет. Қазір бұл жайында барлық жерде жазып, жылжымайтын мүлік бағасының көтерілу тенденциясы байқалғанын айтуда. Мемлекеттік органдар халықпен және құрылысшылармен түсіндіру жұмысын жүргізгені маңызды. Нарықтағы алаяқтық операцияларды шектеу қажет.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде