{metadescription}
Фишинг деген не және одан қалай қорғану керек?

Фишинг деген не және одан қалай қорғану керек?

Әлеуметтік желілердегі жарнамаларға қызыққан кезіңіз болды ма? Жарнамадағы тауарды сатып аларда не нәрсеге жіті көңіл бөлу керек? Жалған сайтты қалай анықтауға болады? Ғаламторда күдік тудырған сілтемелер, жарнама, хабарландырулар болды ма? Ол ақшаңызды қалай ұрлайды? Ендеше екінің бірі біле бермейтін қауіпсіздік ережесін біліп алыңыз және жақындарыңызды да ескертіп қойсаңыз артық болмайды. 

Электрондық онлайн сауда-саттық алаңында (хабарландырула) тауар сатып алу мен сатудың қауіпсіздік ережесін «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы ұсынады.

Интернет қауіпсіздігінің ең кең таралғаны –  фишинг.

Фишинг дегеніміз –  ғаламтор қолданушысының құпия мәліметін алу әрекеті: аты-жөні, жеке куәлігінің дерегі, банк картасы, кілт сөзі, картаның артқы жағындағы құпия код (CVV / CVC), SMS-тегі кодтар. Осы ақпараттың арқасында алаяқтар ақшаңызды сыпырып алып немесе есептен шығарып тастайды. 

Жалпы фишинг схемасын қарастырсақ, компания, банк және мемлекеттік мекемелердің веб-парағын ұсынатын жалған веб-сайт құру.

Жалған веб-сайтты ресми сайттан қалай ажыратуға болады?

  1. Егер электронды поштаңызға немесе SMS түрінде хабарлама алсаңыз, ол сілтеме бойынша өтіп, жеке мәліметтеріңізді енгізуді сұраса, ол – алаяқтар.Есіңізде болсын! Ресми ресурстар мұндай хат, хабарлама таратпайды. Хатты ашпаңыз, ал білмей ашып қойсаңыз, өзіңіз туралы жеке мәліметті бермеңіз. Ресми веб-сайтта көрсетілген байланыс телефондарына  хабарласып біліңіз.
  2. Ресми сайттардың өзінің қауіпсіздік сертификаты болады. Оны браузер жолындағы құлып белгісін басып тексере аласыз. Сонда сертификатты кімнің бергені, қашан және мерзімі қашан бітетіні туралы ақпарат шығады.
  3. Жалған сайттың қауіпсіздік сертификаты болмайды. Мекенжайын жазғанда немесе сайтты ашқанда мынаны көресіз:екенжай жолағында ресми сайт https: // деп басталады, ал жалған сайтта: http: //. Сондай-ақ, сайттың «егізіне» тән «-», «—»  немесе «_» таңбалары болмауы керек.
  4. Алаяқтар қолдау қызметінің атынан жалған ақпарат жібере алады. Хабарламаның мәтініне назар аударыңыз. Қолдау қызметі банк картасының құпия деректерін (CVV / CVC - артқы жағындағы код) және алдын ала төлем сұрамайды.

Фишингтің сату кезіндегі  белгілері

• «Сатып алушы» сіздің қоңырау соққаныңыздан аулақ болып, бөгде ресурстарға: сервистерге, сайттарға, мессенджерлерге  – WhatsApp-та немесе әлеуметтік желілерде жеке мәліметіңізді қалдыруды сұрап, хат алмасуды ұсынады. Егер жарнама сайтында жеке хабарлама жіберу мүмкіндігі болса, онда бұл функцияны байланыс үшін қолданған дұрыс. Алдау әрекеті болған жағдайда сайт әкімшілігі дер кезінде әрекет ете алады.

• «Сатып алушы» қоңырау соғып, төлем жасау үшін мәлімет сұрайды: толық аты-жөніңізді, банк картасының нөмірін. Содан кейін картаға ақша аударудың мүмкін еместігін айтып, CVV / CVC кодын немесе банкке арналған SMS-хабарламасындағы кодты сұрайды.

Фишингтің сатып алу кезіндегі  белгілері

• Тауардың немесе ұсыныстың өзіндік құны басқалармен салыстырғанда мүлдем өзгеше болады.

• Өтірік қызықтырып, шу тудырады. Сатып алушыдан тауар алуға тағы бірнеше қызыққан адам барын айтып, сеніміне кіріп, алдын ала төлем жасауды сұрайды.

• «Сатушы» жылдамдатуды сұрайды: ұсыныс белгілі бір күнге дейін ғана болатынын және тауарды мүмкіндігінше тезірек сатып алу қажеттігін айтады.

• «Сатушы» өзінің басқа қалада екенін, сол себепті алдын ала төлем жасау керегін сұрайды.

Ендеше сақ болыңыз, алаяқтардың айла-тәсіліне берілмеңіз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.