{metadescription}
Отбасыны әлеуметтік қолдау

Отбасыны әлеуметтік қолдау

Елімізде жыл сайын қанша бала дүниеге келеді? Ана мен баланы қолдауға бюджеттен қанша және жыл сайын кімдерге жәрдемақы төленеді? Табысы аз азаматтарға АӘК көрсетуге қанша қаржы қарастырылған? Былтыр отбасыны әлеуметтік қолдауда қанша қаржы жұмсады? Әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру жыл сайын өсіріле ме, ілде сол қалпы қала ма? Әлеуметтік әмиян деген не?

2020 жылы отбасыны әлеуметтік қолдауға 600 миллиардтан астам сома бөлініпті. Биыл, яғни 2021 жылы елімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаржы едәуір өскен. 

2021 жылғы қаржыландыру

Биыл балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру 120 миллиардтан астам сомаға өсірілді. 

Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Ана мен баланы қолдау үшін республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бірқатар әлеуметтік төлем жоспарланған. Ал былтыр шамамен 1,9 миллион адам балалы отбасыларды қолдауға бағытталған сомасы 635,3 млрд теңгеге 8 түрлі жәрдемақы мен төлем алды.

Биыл, 2021 жылы аталмыш мақсатқа 755,4 миллиард, оның ішінде бюджеттен 501,7 млрд теңге және МӘСҚ-тан 253,7 миллиард бөлінді. Барлық өңірде жұмыспен қамту, оқыту және басқа да мәселемен көмекке отбасын қолдауға арналған 31 орталық ашылған.

Бюджеттен төленетін жәрдемақы:

  • бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы;
  • бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған:
  • I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы;
  • көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға ай сайынғы жәрдемақы;
  • 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім көрсету бойынша ай сайынғы жәрдемақы.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып саналатын жұмыс істейтін әйелдерге:

  • жүктілік және босану үшін біржолғы
  • бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы төлем төленеді.

Жұмыс істейтін әйелдерге 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде міндетті зейнетақы жарнасы субсидияланады.

Атаулы әлеуметтік көмек

Табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетуге биыл 122,8 млрд теңге қарастырылған.

Былтырдан бастап АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілген.

Әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады, еңбекке қабілетті АӘК алушыларға қойылатын талаптар және учаскелік комиссиялар институты күшейтіледі, табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама (әлеуметтік топтама) ұсынылады.

2020 жылы алушылар саны 184 мың отбасынан 936 мың адам:

  • 600 мың бала (64%);
  • 73,5 мың көпбалалы отбасы.

Мектеп жасына дейінгі 218 мыңнан астам бала азық-түлік жиынтығымен (ай сайын) және гигиеналық құралдармен (тоқсан сайын) қамтамасыз етілді.

Оқу кезеңінде 217 мың мектеп жасындағы бала тегін тамақпен және жеңілдікті жол жүрумен қамтамасыз етілді.

Оқу жылы басталар алдында мектеп формасы мен керек-жарағын алды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 43 мыңға жуық іс-шарасы жүзеге асырылды:

  • Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылар тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жіберілді. 
  • қайта даярлаудан немесе кәсіпкерлікке оқытудан өтті:
  • өз ісін ашуға жеңілдікті микрокредит пен грант алды.

Жалпы алғанда еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 74 пайыздан астамы немесе 201 мыңға жуығы жұмыс істейді және жұмыспен қамту іс-шараларына тартылған.

АӘК-ті іске асыруға 2020 жылы 88,2 млрд теңге жұмсалса, 2021 жылға 122,8 млрд теңге, оның ішінде 96,3 млрд теңге республикалық бюджеттен және 26,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған.

Әлеуметтік әмиян

Пилоттық түрде «Әлеуметтік әмиян» енгізу жоспарда бар.

Ол – әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларды немесе қызметтерді сатып алып қана қоймай, алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады.

2020 жылғы 1 қазаннан бастап өңірлерде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік топтама ұсыну бойынша пилотты іске қосылды.Ол Әлуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік жәрдемақыны қамтамасыз етуге көшуді жоспарлауда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.