{metadescription}
«Алматы жастары»: Қажет құжаттар. Өтініш беру

«Алматы жастары»: Қажет құжаттар. Өтініш беру

10 наурыздан бастап алматылық жас мамандарға жеңілдетілген несиемен баспана алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш қабылдана бастады. Оған қатысу үшін қандай құжаттар керек? Жасы қаншада болуы керек? Бір отбасынан неше адам өтініш бере алады? «Алматы жастарына» қай салада істейтін жастар қатысады? Және тағы басқа сұрақтарға жауап алғыңыз келсе ....

Қажет құжаттар:

Қарыз алушының/қарызшының төлем қабілетін тексеру үшін мынадай құжат дайындау қажет:

1. Банктен төлем қабілеттілігін тексеруге жолдама.
2. Клиенттің және клиенттің жұбайының жеке басын куәландыратын құжат.
3. Неке қию/некені бұзу туралы куәлік /сот шешімі/ қайтыс болу туралы куәлік.
4. Балаларының туу туралы куәлігі.
5. Барлық міндетті төлемді көрсете отырып (қажет болса), жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға).

Қажет болғанда Банк қосымша құжаттарды талап етуге құқылы екенін есте ұстаңыз.

Барлық құжаттың түпнұсқасы ғана ұсынылады.

Шарттары:

«Алматы жастары» бағдарламасына жасы 35-ке толмаған жастар қатыса алады.

Отбасында тек бір адамның өтініші қабылданады.

Өтініш берушінің күйеуінің немесе әйелінің жас ерекшелігі ескерілмейді. Отбасының соңғы бес жылда баспанасы болмауы тиіс және жылжымайтын мүлікке мұрагер болмауы керек.

Соңғы 6 айдағы зейнетақы жарнасы болуы немесе ең аз дегенде жарты жыл Алматыда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

Алматыдағы денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт, ЖОО мен ҒЗИ, БАҚ, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік салада еңбек ететіндер қатыса алады.

  • Аталған бағдарлама аясында биыл 1000 пәтер беріледі.
  • Несиелендіру көлемі 13 миллионнан 18 миллионға артты.
  • Баспанаға үміткерлердің өтініші 10-31 наурыз аралығында қабылданады. Бұл үшін ЭЦҚ болуы шарт.
  • Тұрғын үй басқармасы өтініш берушінің құжаттарын мұқият тексеріп, жинаған ұпай мөлшеріне қарай қатысушыларды анықтайды. Ұпай саны отбасының некеде болған жылдары, бала саны, жұмыс істеген жылдарына қатысты беріледі.
  • Өтініш беруші 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банкінде» өзінің төлем төлей алатынын дәлелдеу керек.
  • 45 күнде алатын баспанасын тауып, оның бағасын анықтаған құжатпен банкке қайта келеді.
  • Бағдарламаға қатысушыға тағы 10 күн уақыт сату-сатып алу құжаттарын рәсімдеуге беріледі.

Пәтерді бірінші деңгейлі, екінші деңгейлі банктер және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ нысандарынан кепілдеме арқылы алуға болады.

  • Алғашқы жарна— 10%;
  • Пайыздық үлес — 5%.
  • Несиенің ең үлкен сомасы 18 миллион (егер баспана 18 млн-нан қымбат болса, өтініш беруші қалған соманы өзі шығарады).

Мысалы, 10 млн теңгелік пәтер сатып алған жағдайда несиелік төлем тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесімен ескеріле келе, алғашқы 8 жылда 83 333 теңге, ал қалған 11 жылда төлем көлемі азайып, 46 000 теңгені құрайды.

Көбісі білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарынан түскен. Бір ерекшелігі, өтініш берген азаматтардың барлығы бағдарлама талаптарына сай келе алмайды. Арнайы сайт жұмысы нашар істеуде.

Өтініш Алматы қаласының мемлекеттік, қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтардан: дәрігерлер мен медбикелер; мұғалімдер мен тәрбиешілер; суретшілер, жазушылар, мәдениет қызметкерлері; жаттықтырушылар мен спортшылар; университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен зерттеушілері; әлеуметтік қызметкерлер; өндірістік қызметке қатысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлерінен (мемлекеттік және коммерциялық) қабылданады.

Айта кетсек, «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасымен өтініш берілген бірінші күннің өзінде өтініш саны шектеулі квотадан асып түсті. Қазір бағдарламаға қатысуға 2,8 мыңнан астам өтінім берілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.