{metadescription}
Артыңнан шуламасын десең: Өсиетхат қалай жасалады

Артыңнан шуламасын десең: Өсиетхат қалай жасалады

Әр адамның күндердің бір күнінде дәм-тұзы таусылатыны анық. Артыңнан қалған жақындарыңа не қалдырасың? Қолыңда қандай мүлкің бар? Барыңды көзің тірісінде жақындарыңа тең-теңімен, заң бойынша мұра қып қалдыруды ойладың ба? Мұрагерлеріңе мүлік бөлу кезінде нені ескеру керек? Ендеше өсиетхат жазудың бүге-шігесін, кем-кетігін біле жүрейік.

Не, кімге және қандай жағдайда

Өсиетхат – бұл бір жақты келісім. Мұра қалдырушының ғана өсиеті жеткілікті. Мұрагердің оның қасында болуы міндетті емес.

Жылжымайтын мүлікті де, жылжымалы мүлікті де, оның ішінде ақша мен зейнетақы жинағын да өсиет етіп қалдыра аласыз.

Бірнеше өсиетхат жасауға болады. Құжатты нотариус мұра қалдырушының сөзінен жазып алады және куәгердің қатысуымен оқиды, содан кейін қол қойылады.

Мұра ашылғанға дейін ешкім бұл туралы ақпаратты жария етуге қақысы жоқ. Мұны өсиет құпиясы деп атайды.

Өсиетхат ерекшеліктері

1. Өсиетхатты мұра қалдырушы өкілі арқылы емес – өзі жазуы керек. Өкіліне жазуға жол берілмейді. Өсиетхат екі дана жасалынады. Біреуі нотариуста, екіншісі мұрагерге құжатты қалдыра алатын өсиет жазушыда сақталады. Нотариалдық куәландыру құны - 3 АЕК (8 751 теңге, 2021 жылы 1 АЕК - 2 917 теңге).

2. Өсиетхатта не көрсетіледі:
— күні,
— жері,
— мүлік тізімі,
— мұрагерлер,
— жазылған мерзімі.
Құжатқа өсиет жазушы адам қол қояды. Егер ол мүмкін болмаса, мысалы, сырқат болса, оны себебін айтып куәгер істейді.

3. Өсиетхатқа қажет құжаттар:
— мұра қалдырушы мен куәгердің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі;
— жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар қажет емес, бірақ ол нотариусқа мүлікті егжей-тегжей және өсиетте дұрыс сипаттауға мүмкіндік береді

 4. Міндетті түрде куәгер болуға тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет: досы/құрбысы, көршісі, бірақ мұра қалдырушының туысы болмауға тиіс. Құжатта куәгердің аты-жөні және мекенжайы көрсетіледі.

Куәгер бола алмайтындар:


— нотариус немесе өсиетхатты куәландыратын басқа тұлға;
— мұрагерлері, жұбайы, балалары, ата-анасы, немере/шөбересі және заң бойынша мұрагерлері;
— әрекет етуге қабілетсіз азамат;
— сауаты жоқ адам;
— жалған ақпар бергені үшін сотталған азамат.

5. Мұрагер немесе мұрагерлер мұраны өсиет қалдырған адамның өлімінен кейін тек алты ай өткен соң басқаруға мүмкіндік алады. Бұл мерзімге дейін мүлікке қожайындық етіп, мүлікті пайдалана алады.

Өсиетхаттың мазмұнына қарамастан, өсиет жазушының кәмелетке толмаған/жұмысқа жарамсыз балалары, жұбайы және ата-аналары заң бойынша мұрагерлік жағдайында олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің кем дегенде жартысын иеленеді.

Өсиетхат қалай жүзеге асырылады

Мұра қалдырушы өсиетті орындау үшін өсиет орындаушыны таңдай алады. Өсиет орындаушы, атап айтқанда, мүлікті басқару, өсиет мұрагерлеріне хабарлау шарасын қабылдауы, мұрагерлердің өзіне жүктелген өсиет тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.

Өсиет орындаушы мұрагерлерге алдын ала ескерте отырып, өзіне жүктелген міндеттен кез келген уақытта бас тартуға қақысы бар. Өсиет орындалғаннан кейін өсиет орындаушы мұрагерлерге олардың талабы бойынша есеп беруге міндетті.

 

 

 

Өсиетхатттан бас тарту немесе оны өзгерту

Өсиет қалдырушы себебін көрсетпестен кез келген уақытта өсиет жазудан бас тартуға немесе оны өзгертуге құқылы. Ол үшін нотариусқа өтініш  жазады.  Ал алдыңғы жазылған өсиетхаттың күші жойылады.

 

 

 

Өсиетхат қай кезде жарамсыз болып танылады

Егер құжат дұрыс рәсімделмеген, дұрыс қол қойылмаған немесе дұрыс куәландырылмаған болса, өсиетхат жарамсыз болып табылады. Осы өсиет бойынша мұрасынан айырылған мұрагер заң бойынша мүліктің мұрагері болу құқығын алады.

Өсиетхат болмаған жағдайда мұра қалдырушы қайтыс болса, мұрагерлік заң бойынша жүргізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде