{metadescription}
Сәуір айына арналған астрологиялық болжам

Сәуір айына арналған астрологиялық болжам

Астрологтар 2021 жылдың сәуір айына қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 2021 жылдың  сәуір айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Сәуір айына арналған астрологиялық болжам.

Тоқты сыртқы энергияға мұқтаж. Сіз бейсана түрде позитивті көзқарас аспектісін шабыттандыратын идеялар мен жағдай іздеуге кірісесіз. Сәуірде өткен тәжірибе мен болашаққа деген үміт арасындағы байланыстырушы бастама көтересіз. Өткен өмір кезеңі көпшілікке маңызды емес болып көрінеді. Сіз жаулап алуға және сиқырлауға дайынсыз. Сізде өз күшіңізге деген сенімді жоғалтпауға әлеуетіңіз жеткілікті. Жұмыста тиімді қысқа мерзімді шығармашылық одақ пайда болуы мүмкін. Бұл кезең материалдық аспект пен қаржылық кірістің нығаюымен ерекшеле. Мүдделі серіктестермен жоспар құрыңыз. Саяхатқа дайындалуыңыз мүмкін.

Торпақ қызғаныш пен ашушаңдыққа берілмеңіз. Басқалардың жетістігі сізді тепе-теңдіктен шығарады, іске аспаған амбицияның кесірінен азап шегуі мүмкін. Бұл деструктивті тенденцияны  кәсіп саласындағы қызығуды қайта бағыттау, іскерлік ынтымақтастық арқылы шығаруға болады. Егер біреумен одақтасып әрекет етуге дайын болсаңыз, басқа біреудің бастамасы сіздің жеке жетістіктеріңіздің бастауы бола алады. Бұл айда туыстармен жылы қарым-қатынас, жаңалық алмасуымен есте қалды. Сыйлықтар, жағымды мереке де болуы мүмкін. Жасы кіші отбасы мүшелерінің маңызы зор болмақ. Олардың мүддесі бірінші орынға шығады. Ауырып өалған туысыңызға барасыз. Жөндеу жұмысы, техникалық жабдықты қалпына келтіру жұмысын істейсіз. Қаржы жағдайы өзгеріссіз.

Егіздер өмірінің шешуші артықшылығына күмән келтіреді. Осы кезеңде біраз сын естисіз. Әсіресе, ол жақын досыңыздан болуы мүмкін. Қиын сұрақтардың шын жауабын тауып, бірқатар істің нәтижесін шығару керек. Жақын адамдармен қарым-қатынас күрделене түседі және сенімсіздік туады. Бұл түсініксіз сынақ мызғымас, берік және сенімді деп санайтын қатынасты үзуі мүмкін. Сенімді досыңыздың идеялары, оның үнемі қолдауының арқасында сіз ішкі тепе-теңдікті сақтай аласыз. Жұмыс сізді шабыт беретін жалғыз сенімді жол. Кәсіби өсу сіздің ойларыңызды жағымды дүниемен қамтып, жаныңызға іс жүзінде әсер еткен жаман пиғылдан құтқарады. Үйіңізге қонақ келеді.

Шаян алға даму сияқты маңызды нәрсесімен мақтана алмайды. Осы кезеңдегі мықты нәрсе – тұрақтылық. Бұл сізге күш, ішкі әлеует және материалдық ресурс жинауға мүмкіндік береді. Бұл жақын арада сіздің беделіңізді көтеру әрекеті болады. Шынында да, сізге арқа сүйеуге болады, ынтымақтасу қызықты. Саяхат идеясы қайта туады, ал кейбіреулері көшуге ықылас танытады.Араласатын адамдар аясы қатаң қайта қаралады.  Сіз бейтаныс адамдарға сенбейсіз. Сәуірде ескі доспен қарым-қатынас  айтарлықтай салқындауы мүмкін. Үйде жаңғырту болады. Ескі үй-жай сатып алу, тұрғын үйді біраз жөндеу, жайластырумен айналысуыңыз мүмкін. Сыртқы тартымдылығыңыз артады.

Арыстан егер өз маңыздылығына қауіп төнсе, бәрімен бәсекелесуге дайын. Өз салаңыздағы ең жақсы маман екеніңізге үнемі сенімді болыңыз. Сіз бұны дәлелдеуді басқалардан талап етуге бел будыңыз. Өмірдің сыртқы келбеті күш-жігеріңізбен белсенді түрде түзетіледі. Жаңаруға, ерекшелікке және қоршаған ортаға ұқсас болмауға назар аударасыз. Заңды органдармен байланысу, ресми кеңселерге баруыңыз мүмкін. Талап арыз ұсынылады. Осы кезеңде оқшаулануға, жауапкершілікті нақты бөлуге және құнды, материалды нәрсеге иелік етуге деген жаңа көзқарас қалыптастыруға бейімделесіз. Көбісі өмір сүру жағдайын одан әрі жақсартуға байланысты сапарға шығады. Алыстан келген жаңалық сіздің құпия болжамыңызды растайды.

Бикеш туыстарының біреуі сіздің бұрынғы  танысыңызбен, сізбен тығыз ынтымақта болуына қызғаныш танытады. Алайда бұл жеке өмірмен байланысты емес, достық немесе іскери одақ болмақ. Сізге ақпарат өте қажет болады. Бәрінен хабардар болуға жанталасасыз. Осы кезеңде тұрмыстық мәселелер, жөндеу жұмысы, интерьердің өзгеруі және басқа да дүниелік мәселе кез келген деструктивті тенденциялардан арылудың жақсы тәсілі болады, бұл жаңа шығармашылық идеялардың шабыттандыруға бастама болмақ. Ортаңызда көңілді және тапқыр боласыз. Бірақ кез келген жаңа жағдай сізге ауырлық, ыңғайсыздық әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе саяхат кезінде айқын көрінуі мүмкін. Ішкі агрессияны болдырмаудың ең жақсы тәсілі - сыртқы келбетті жақсартуға назар аудару.

Таразы өмірлік қиын мәселелерге досының белсенді қатысуын бағалайды. Осы кезеңде сізге жалғыз әрекет ету оңай болмайды. Біреудің сөзсіз қолдайтынына сенімді болуыңыз керек. Өткен оқиғаларға байланысты сот өндірісі алынып тасталмайды. Ұсақ-түйекті және мән-жайды егжей-тегжей, терең қарастыру керек. Сондай-ақ, жұмыс көп ішкі зейінді қажет етеді. Мамандық саласындағы өзгерістердің басталуына байланысты бірнеше бағыт пен ерекшелікті есте сақтау қажет болады. Бірақ ең бастысы қаржы жағынан пайдасы болады. Материалдық аспект бірінші орынға шығады. Көбісі өз құндылығын көрсеткісі келеді. Бұл дұрыс емес болуы мүмкін. Мақтаншақтық пен зұлымдыққа алданып қалмаңыз, - деп ескертеді жұлдыздар. Жеке өмір белсенді. Біреу жүрегіңізді жаулап алайын деп жатыр деп мақтанасыз.

Сарышаян жаңару, өмір сүру кеңістігін кеңейтуді жаңа интеллектуал бағдарға ие болу тәсілі деп қабылдайды. Кәсіби бағытта жаңа мүмкіндік пайда болады. Бұрынғы жұмыс байланыстарына негізделген қосымша іскери одақ пайда болуы мүмкін. Осы кезеңдегі жаңалықтар өте маңызды болмақ. Бір кездері шынайы және жақын қарым-қатынаста болған досыңыз еске түседі. Сіз тағы да сезім атмосферасына енесіз. Естеліктер сізді мазалайды. Саяхат идеясы пайда болады. Бұл ай түрлі саяхатқа бай болмақ. Жоспарларды жүзеге асыруға уақыт табу үшін жоспарларды өзгертесіз. Жеке өмірде жарқын оқиға болуы мүмкін. Пайдалы мәміле белгілі серіктеспен бір одақта баяндалады.

Мерген жақын адамдарының ортасында құпия түрде әсер беріп, ықпал ете алады. Бұл ай өміріңіздің прозасына назар аудара отырып, алдыңғы жоспарларыңыздан оңай бас тартасыз. Жаңа басымдық пайда болады. Кез-келген ниетіңізді маңыздылығыңызды жоғалтпай түсіндіре аласыз. Жасырын сипаттағы қарым-қатынас мүмкін, кейбір ақпарат құпия сақталады. Өміріңізде қауіпсіздік сақтаудың құпиясы көп болады. Сонымен қатар, маңызды жаңалықтарды, былайша айтқанда, ресми ақпарат көзінен алуға ұмтыла бастайсыз. Басқалардан озуға тырысасыз, біреудің жолын жауып тастайсыз, жетістікке жеткендерді жеңесіз, әріптестеріңіздің біріне қатысты тиімді позицияны ұстанасыз. Жеке өмірде сезім белсенділігі өседі. Материалдық базаны нығайту, қаржы саласындағы жеке жетістіктер ықпал етеді. Тәуелсіздікте ішкі еркіндік басымдылыққа тірек болады.

Тауешкі өзгергісі келеді, өзінің бұрынғы ұмтылысын түзетеді. Сізді біреудің жетістігінің сыртқы белгісі  ашуландырады. Басқалардан өзгеше болуға қажеттілік туындайды. Басқалардан өзгеше болу аспектісі сіздің ішкі тыныштық пен өзіңізге деген сенімділіктің кепілі болады. Егер біреу осы ұқсастықты байқамаса, одан да жақсы. Сонда сіз дұрыс жолдасыз. Күшіңіз екі еселенеді. Бұл айда бұрынғы жұмысқа қайта оралуға болады, кейін қалдырылған жағдайға. Көптеген адамдар өз үйіне, туған жеріне оралуды аңсайды. Ол жағдай әл-ауқат пен берекелі тыныштықты еске түсіреді. Достарыңызбен және туыстарыңызбен қарым-қатынаста сізге маңызды белгілі бір шарттар, белгілі бір ережелер маңызды болады. Қаржылық деңгей бұрынғыдай, өзгеріссіз. Бірақ оның жеңілдігі арқылы қаржылық шығынға бату қаупі бар.

Суқұйғыш бастаған ісін аяқтауға ұмтыла отырып, өзінің кәсіби әлеуетінің өсуін екі есеге арттырады. Бұл сіздің бүгінгі өміріңіздің ең маңызды мақсатына айналады. Басқалардың көзінше сәтті болып көрінгенмен, күдік-күмән жаныңызды мазалайды. Лайықты емес болып көрінетін адамдарға сенесіз. Біреудің жауапсыздығы өміріңізді ұзаққа уақыт бұзуы мүмкін. Жұлдыздар таныс емес байланыстан бас тартуды ұсынады, жаңа достардың бастамасын қолдамайды. Сонымен қатар, таңдаған жолмен жүруіңіз керек, егер оны бұрыннан жоспарлаған болсаңыз. Кез келген бизнес туралы шешімді сіз қабылдаған жағдайда жақсы болады. Бұрынғы әріптестермен, серіктестермен, көршілермен кездесу осы кезеңде сізге үлкен әсер етеді. Тиімді мәміле, жылжымайтын мүлікке қатысты келісімшарт болуы мүмкін. Сәттілік сіз жақта.

Балықтар қайтадан әл-ауқаттың сыртқы көрінісіне қарай тартылады. Өз имиджіңізді өзгерткіңіз келеді, көптен бері армандаған кейбір сатып алулар жасаңыз. Ұзақ уақытқы жоспарларыңызды орындау жолында айтарлықтай жетістікке жету мүмкіндігі бар. Бұл қиын жол болуы мүмкін, бірақ сіз тағдырдың ұсынған күрделі қадамын назардан шығармай бағдарлай аласыз. Бұл айда қаржылық жағынан ең бақытты боласыз. Мәмілелер, маңызды келісім, қаржылық операция - мұның бәрі сіз белсенді әрекет етсеңіз қолайлы болады. Туыстарымен қарым-қатынаста сенімді болыңыз. Жұмысыңыз қысқа мерзімді болады. Белгілі серіктестен ұсыныс түседі. Осы кезеңнің кездесуі қысқа, маңызды емес. Күнделікті өмірген көңіл бөліңіз. Жөндеу, дене шынықтыруға көңіл бөліңіз.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ЕГЕР КАРТАҢЫЗДАҒЫ АҚШАНЫ БӨТЕН АДАМ ШЕШІП АЛСА ...

ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

ТЕСТ: ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНІҢІЗДІ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде