{metadescription}
2021 жылғы Рамазан айының ерекшеліктері. Сұрақ-жауап

2021 жылғы Рамазан айының ерекшеліктері. Сұрақ-жауап

Биыл да қасиетті Рамазан айы пандемия жағдайында өтіп жатыр. «Қызыл», «жасыл, «сары» аймақтардағы мешіттерге қандай талап қойылды? Ораза ұстаған адам КВИ вакцинасын салдыра ала ма? ПТР-тест оразаны бұза ма? Оразада санитарлық талап қалай сақталады? Уағыз-насихат, сұрақ-жауап қалай жүргізіледі? Ораза айттың онлайн бағдарламасы деген не?  

Ораза ұстаған адам КВИ вакцинасын салдыра ала ма?

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы :

-Ковид-19 бізге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа еш қайшылғы жоқ. Дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат берілген. Вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алады және адамның иммунитетін көтереді. Вакцина дәрумен емес. Сол себепті екпе терінің астына, бұлшық етке немесе қан арқылы енгізілсе, ораза бұзылмайды. -Егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды.

ПТР-тест оразаны бұза ма?

ПТР-тесттен өту оразаны бұзбайды. Ол тек ішке тамақ, не су қабылдағанда бұзылады. Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады.

Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай. Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ.

Оразада санитарлық талап қалай сақталады?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

-Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық, Алланың адамзатқа берген аманаты. Осы орайда жасы 60-тан асқан аға-апаларымды ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алуға шақырамын. Егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтардан күрделі ахуал тұрақталғанша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз.

Уағыз-насихат, сұрақ-жауап

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізуді жалғастырады.

 Құран хатым

Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады.

Онлайн бағдарлама

Рамазанда бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір кешінің, ұлық мейрам - Ораза айттың онлайн бағдарламасы дайындалған.

Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға да болады.

Пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолы ұсынылды.

Мешіттерге қойылған талап

Құлшылық мәселесі үшке бөлінген. Жасыл аймақ, сары және қызыл аймақта орналасқан облыс, қалаларға Жұма, тарауық, ауызашар өткізудің тәртібі бекітілді.

Жасыл аймақта бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар өткізудің тəртібі:

  • Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
  • Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдар мен санитайзерлерді пайдалану;
  • Тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;
  • Тарауық намазы рұқсат етілген мешіттерде Құран хатымды (1 парадан асырмай оқу) санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу;
  • Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30 пайыздан аспаған кезде жүзеге асырылады.
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқуы қажет.
  • Мешітке кіруге міндетті түрде бетперде болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
  • Мешіт дəретханаларын қолдануда арақашықтықты жəне санитарлық талаптарды сақтай отырып, мүмкіндігінше тез дəрет алған жөн.
  • Жасыл аймақтағы мешітте Құран оқытуға қатысты тəртіп те ұқсас.
  • Неке бөлмелеріндегі іс-шаралардың жүзеге асу тəртібі де қарастырылған.

Сары аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар да осыларға ұқсас, дегенмен, ауызашарға, намазға қатысты аздаған ғана өзгешелегі бар.

Қызыл аймақ:

  • Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп:
  • Бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау;
  • Намаз оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу;
  • Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу;
  • Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу.
  • Тарауық намазы оқылмайды. Намаз оқып болған соң мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу керек.

Алматы. Уағыз-насихат

Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстары онлайн режимде өткізіліп, танымал қарилар онлайн Құран хатым оқиды.

Әлеуметтік желідегі Азан.кз парақшасы арқылы күнделікті сағат 14.00-де онлайн қатысуға болады.

Рамазан айында 8 (727) 329 0966, 8 700 719 7622 байланыс телефондары арқылы Алматы Орталық мешітінің Пәтуа Call-орталығы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отырады.

Қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандар «Берекелі Рамазан тосынсыйы», «Ауыз ашар қоржыны» атты акция аясында ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтардың үйлеріне жеткізіледі.

 «Рамазан керуені» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылады.

«Намаз оқып үйренейік», «Құран оқып үйренейік», «Қош келдің, Рамазан», «30 күнге 30 уағыз», «Бас имам мінбері» айдарымен қала мешіттерінің әлеуметтік парақшаларында онлайн дәрістер мен мешіт жамағаты арасында «Раббым, білімімді арттыр» сынды интелектуалды білім сайыстары өтеді.

Пітір садақа

Биылғы (2021 жыл)  пітір садақа мөлшері – 420 теңге. Садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен белгіленген.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Пітір садақасын мейізбен берем дегендерге 3580 теңге, құрмамен есептесе 7 300 теңге.

Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын және үлкен жастағы қарт кісілерге оразасы үшін фидия құны 2500 теңге деп бекітілді.

«Пітір садақасын мешіттерге келіп берумен қатар, Каспи.кз қосымшасы арқылы да беруге болады. Қала мешіттерінде Каспий QR қойылды.

2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні.

Рамазан айындағы арнайы ресурс

Қазстандарт мемлекеттік уақыт эталонымен және жиілігімен сәйкестендірілген – сағатты іске қосты (https://ramazan.ksm.kz). Осы сағат арқылы ауыз бекіткен әрбір азамат Қазақстанның барлық өңірінде күннің шығатын және бататын дәл уақытын біле алады.

КТК арнасы қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын дейді.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде