{metadescription}
Баланың мамандық таңдауына қалай көмектесу керек?

Баланың мамандық таңдауына қалай көмектесу керек?

Балаңыздың мамандық таңдауына қандай көмек бере аласыз? Оның таңдаған мамандығы сіздің көңіліңізден шықпаса, не істейсіз? Ал қалаған мамандығы балаңыздың тұлғалық қасиетіне сай келмесе ше? Балаңызбен мамандық туралы көзқарасыңыз сәйкеспей, үйде ұрыс-жанжал туса ше?  Жалпы, бала өз бетімен мамандық таңдаудан қиналса, онда кімнен, қай жерден ТЕГІН көмек алуға болады? 

Ата-аналарға арналған кеңес:

  • Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беріңіз; Оның  ұнатпайтын «есесіне бастық боласың», «есесіне ақша көп табасың», «есесіне сұранысы мол мамандық», «жұртқа сыйлы боласың» деген өзіңіздің жеке көзқарасыңызды тықпаламаңыз;  

  • Таңдаған мамандықтың пайдасы мен кері әсерін бірге талқылаңыз, жан-жақты зерттеңіз;

  • Мамандық таңдау кезінде материалдық жағымен қатар, баланың жан қалауын да ескеріңіз; Өйткені балаңыздың сіз білмейтін жасырын қабілеті болуы әбден мүмкін;

  • Таңдаған кәсіпке баланың тұлғалық қасиетінің сәйкес келу-келмеуін де қарастырыңыз, бірақ баланың жігеріне су құймаңыз;

  • Болашақ мамандығын таңдаған кезде көзқарас қайшылығы туса, ешқашан қорқытып, үркітіп, баланы шошытпаңыз, қатты дауыс көтермеңіз. Дұрысы  - психологпен кеңесіңіз;

  • Мамандық таңдаған кезде баланы қыспаққа алмаңыз, жақсылап ойлануға мұрсат беріңіз, оның ішкі ойын қысылмай айтуына жағдай жасаңыз;

  • Баланың сол мамандыққа деген айтарлықтай құлшынысы болса, көксеген мақсатына жетуіне, арманының орындалуына көмектесіңіз;

  • Балаңыз кезінде қате мамандықты таңдаған болса, оны бетіне баспаңыз, сөкпеңіз, жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады;

  • Балаңыз ерте жастан қандай да бір кәсіппен айналысса, онда үйірме т.б. сабақтармен қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыруға тырысыңыз;

  • Есіңізде болсын, бала ата-анасының мамандығына қатысты маманды таңдауы да мүмкін! Егер солай болып жатса, бетінен қақпаңыз.

Балаңыз өз бетінше мамандықты таңдаудан қиналса, онда Qabilet оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау орталығына жүгініп, тегін көмек алуына болады.

Кеңес алу үшін мына телефон арқылы жазыла аласыз: 8 (7172) 20-26-83

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.