{metadescription}
"Дельта" белгілері. Ревакциналау қажет пе? "Ашықта" жұқтыру жағдайы тіркелді ме?

"Дельта" белгілері. Ревакциналау қажет пе? "Ашықта" жұқтыру жағдайы тіркелді ме?

Коронавирус инфекциясы көбінесе қандай жерлерде жұғады? Үнді штамының белгілері қандай, оның «дельта» екенін қалай білеміз? Үнді штамының пайда болуына байланысты ревакциналау қажет пе? Ashyq нысандарында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді ме? Және тағы басқа сұрақтарға Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте былай деп жауап берді.

«Дельта» штамының белгілері қандай? 

Үнді «дельта» штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас. Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды. Іштің ауыруы, құсу, тыныс жолының тарылуы мүмкін.

Үнді штамының пайда болуына байланысты ревакциналау қажет пе?

Ревакциналау мәселесі көтерілген жоқ. Өйткені «Спутник V» вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штамдарды инфекциядан қорғайды. Бұл туралы вакцина әзірлеушілердің ресми мәлімдесі бар. Сонымен қатар QazVac вакцинасы үнді штамына төтеп бере алады.

Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме?

Қазір (23 маусым 2021 жыл – ред.) бүкіл жерде карантин енгізіледі. Бірақ біз Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. 22 маусымда ведомствоаралық комиссия басшысы бас санитар дәрігерге халыққа қызмет көрсету саласындағы адамдарға міндетті вакцина салуға қатысты шара қабылдауды тапсырды», - деді ол.

Қауіпті індетті жұқтыруға болатын негізгі орындар:

Қала тұрғындарының 28% - супер-гипермаркеттерде, 5% - СОСО мен сауда үйлерінде, 3% - азық-түлік сатпайтын дүкендерде жұқтырған. Қоғамдық көлікте коронавирус жұқтыру ықтималдығы - 17%, базарда - 12%, тамақтану орындарында - 7%, саябақтар мен жаяу жүргіншілер көшесінде адамдардың жиналуы 4% байқалады.

Ashyq нысандарында жұқтыру жағдайы тіркелді ме?

 Аshyq нысандарында жұқтыру жағдайы тіркелмеді.

Ал қауіпті аймақта 20-38 жас аралығындағы тұрғындар тіркелген. Бұл жас тобында 38% инфекция тіркелген, бұл олардың арасында ерікті вакциналау белсенділігінің төмендігін көрсетеді.

40 пен 60 жас аралығындағы алматылықтардың 25%-ы да инфекцияға бейім, ал 70 жастан асқан адамдар індет жұқтырғандардың 20% құрайды.

Толығырақ КТК ЖАҢАЛЫҚТАРЫНАН қараңыз.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде