{metadescription}
Вакцина алмаған қызметкерлерін жұмысқа жібермеуге міндеттілер тізімі

Вакцина алмаған қызметкерлерін жұмысқа жібермеуге міндеттілер тізімі

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қисяов жаңа қаулыға қол қойды. 2021 жылы 6 қыркүйектен бастап вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелеген нысандардың тізімі.

Қаулының 1-тармағының 1-тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/нысандардың COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді эпидахуалға байланысты коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды.

Нысандардың санаты:

- базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;

- қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар;

- әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

- санаторийлер, демалыс үйлері/ базалары/ аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар;

- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілерд, стрит-фудтар;

- қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары;

- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері;

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;

- байланыс және телекоммуникация объектілері.

Вакцина алмаған жұмыскерлерін ПТР-тестілеуден өткізуге міндетті нысандар санаты: 

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО);
  • «Қазпошта» АҚ бөлімшелері;
  • екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері;
  • сақтандыру компаниялары;
  • жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері;
  • айырбастау пункттері;
  • ломбардтар;
  • сұлулық салондары, шаштараздар;
  • химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары;
  • фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері;
  • моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар;
  • типографиялық көрсетілетін қызметтер;
  • тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары;
  • гүл дүкендері;
  • аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис;
  • нотариус;
  • бухгалтер және консалтинг;
  • маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер.

Құжат 6 қыркүйек күні сағат 0.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде