{metadescription}
Тұрғын үйге күрделі жөндеу қалай жүргізіледі

Тұрғын үйге күрделі жөндеу қалай жүргізіледі

Тұрғын үйгді күрделі жөндеу деген не? Оны қалай ұйымдастыру керек? Жөндеуге қаражатты қайдан алады? Ақшаны қалай жұмсау керек? Жөндеуге қанша қаражат жиналғанын қалай білуге болады және оған кім есеп береді?

Күрделі жөндеу деген не?

Күрделі жөндеу дегеніміз, ол үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектері мен инженерлік жабдықтарын жаңа немесе одан да берік қондырғыларға ауыстыру.

Іс жүзінде ол деген йдің барлық үлкен бөліктерін жөндеу: жертөле, үйдің алдын, артын,  баспалдағын, жеделсатысын, шатырын. Бұның барылығы үлкен инвестицияны қажет етеді.

Қаражат қалай жинақталады?  

Күрделі жөндеуге ай сайынғы жарна - 0,005 АЕК, немесе пәтердің жалпы алаңының шаршы метріне 14,6 теңге.

2021 жылы 1 АЕК – 2 917 теңгеге тең, бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырады.

Мысалы: 70,3 шаршы метр пәтерді күрделі жөндеуге айына 1026 теңгені  құрайды.

Мемлекеттік қызметтердің түбіртектерінде, үйдің қызмет ету мерзіміне қарамастан, «Күрделі жөндеуге жинақ» арнайы жолы болуы керек.

Қаражат қайда сақталады және оған кім есеп береді?

Қаражат кез келген банкте жеке жинақ шотында сақталады. Оны ПИК (КСК)  немесе меншік иелерінің бірлестігінің (МИБ) төрағасы және қарапайым серіктестіктің (ҚС) сенімді өкілі ашуы керек.

Еске салайық, ПИК көпқабатты үйлерді тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқара алады. Дегенмен қазірдің өзінде тұрғындар басқарудың жаңа формаларының бірін таңдай алады : меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе қарапайым серіктестікті (ҚС).

Іс жүзінде тұрғындар ақша жинауға асықпай жүр. Сондықтан жөндеу не мүлік қатты тозса, не тұрғын үй бөлімінің тұрғын үй басқармасы бекіткен тәртіппен жүргізіледі.

Әдетте тұрғындарда бұған қаражат болмағандықтан, қазір қарыз алу әдісі қолданылады. Ол – жөндеу жергілікті бюджет есебінен төленеді, ал тұрғындар несиені біртіндеп қайтарады. Қарыздың ең ұзақ мерзімі сомасына қарай 15 жылға дейін.

Күрделі жөндеу қалай жүргізіледі?

1. Тұрғындардың жианлыс өткізуі керек.

2. Жиналысқа ПИК, МИБ немесе ҚС, аудан әкімдігінің, тұрғын үй саясаты бөлімінің өкілдерін шақырыңыз.

3. Күрделі жөндеу туралы шешімді нақты құрылымдар мен жабдықтардың тізімімен хаттама толтырылады (шатыр, жеделсаты және т.б.).

4. Тұрғын үй инспекциясы жобалық -сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырыс береді.

5. Әкімдік тендер өткізеді және жобалық -сметалық құжаттамаға мердігерді анықтайды.

6. Қаржының мақсатты жұмсалуын үй кеңесі бақылайды, ол сондай –ақ жұмысқа мердігерді таңдайды.

Жиналған қаражатты қайда жұмсауға болады?

Күрделі жөндеу, сондай-ақ жалпы меншікті жаңалау, реконструкциялау, қалпына келтіру меншік иелерінің үштен екісінен астамы дауыс берген жағдайда жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Шешім хаттамаға енгізілуі керек.

Тұрғындар қаражатты кез келген мақсатқа жұмсауға құқылы. Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты сертификаттау орталығының директоры Аркадий Рубцов себебін былай деп түсіндірді.

- Көпшілік дауыспен меншік иелері шешім қабылдап, жинақтарды басқа қажеттіліктерге, мысалы, ауланы абаттандыруға жұмсай алады. Заң ақшаны басқа мақсаттарға жұмсағаны үшін жауапкершілікті қарастырмайды. Бұл тұрғындардың қаражаты. Кейде жекеменшік иелері өз жинақтарын девальвацияны күтпей-ақ жұмсауды жөн көреді, - деп түсіндіреді заңгер.

Күрделі жөндеуге арналған ақшадан басқа, әр үйдің ағымдағы шығындарға бюджеті болуы керек:

- ағымдағы жөндеу жұмыстарына;

- жертөлені, паркингті дезинфекциялауға;

- техникалық қызмет көрсету, апат салдарын жоюға;

- жылыту маусымына дайындыққа;

- іргелес аумақты күтіп ұстау (тазалау, көгалдандыру, күтім, шіріген ағаштарды кесуге);

- ауланы, шатырды жапырақтан, қардан, мұздан тазалау және т.б.

 

Естеріңізде болсын, барлық жиналған қаражатқа ПИК төрағасы, МИБ немесе ҚС уәкілетті өкілі ай сайын тұрғындарға есеп беріп, ақпаратты қоғамдық орынға орналастырып отыруға міндетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.