{metadescription}
Нұсқаулық: Пәтерді делдалсыз жалға алу

Нұсқаулық: Пәтерді делдалсыз жалға алу

Пәтерді делдалдың көмегімен, әсіресе таныс риелторың болса немесе өз бетіңмен ыңғайлы пәтер жалдау қиын емес. Ал енді делдалдың көмегінсіз пәтер жалдағысы келетіндерге қандай кеңес беруге болады? Делдалсыз пәтер жалдаудың қандай артықшылығы және қандай кемшілігі бар? Ендеше мына біз берген нұсқаулықты естен шығармаңыз.   

Егер қандай да бір себеппен делдалдың көмегінсіз пәтер жалдауға бел бусаңыз, онда қандай қауіп барын алдын ала білген жөн. Тәжірибесі жоқтар алаяққа алданып қалуы мүмкін. Болмаса жалдаған үйі ойлағанындай болмай, тіпті жағымсыз оқиғаға тап болып жатады. Сонымен қатар бұрын ешқашан пәтер жалдап көрмеген адамға көп уақыт қажет.

Егер қаланы дұрыс білмесеңіз, тұрғын үй нарығымен таныс болмасаңыз, бұрын үйге қатысты ешбір мәміле жасамаған болсаңыз және бос уақытыңыз болмаса, «Сенімді агенттіктердің» хабарландыруларын қараңыз. Бұнда мамандардың әрқайсысының жеке басы құжатталған.

Қандай да бір қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және бейтаныс жағдайда шатасып, алаңдамау үшін әр нәрсені рет-ретімен істеңіз. Мысалы, алдымен:

1. Пәтер іздейсіз.

2. Әр түрін қарастырасыз.

3. Пәтер иесімен сөйлесесіз.

4. Пәтерді мұқият қарап шығасыз.

5. Пәтердің құжатын тексеріңіз.

6. Келісімшарт рәсімдейсіз.

Пәтерді  делдалсыз қалай табуға болады

• Қаражатыңыз бен қалауыңызды алдымен нақтылап алыңыз. Ол көбінесе -    пәтердің орналасқан жері мен пәтердің жай-күйі.

• Жылжымалы мүлікке қатысты арнайы сайттан пәтер жалдау бөлімін толық қарап шығыңыз.

• Қалаған ауданыңызды, көшені, жалдау мерзімін, бөлме санын және басқа көрсеткішін көрсетіңіз.

• «Қожайыннан» деген сүзгіні қолданыңыз.

• Сіз қалаған үйге сәйкес келетін жаңа жарнамаларды дер кезінде біліп отыру үшін «Хабарлама алу» опциясын қосып қойыңыз.

Үйді қалай таңдау керек

Суреттемесін мұқият оқып, фтосын анықтап қараңыз.
үйдің орналасқан жерін зерттеп, сол жер, сол тұрғын үй кешені туралы қандай пікірлер бар, соны оқып шығыңыз.
«Ұқсас хабарламалардағы бағасы» деген бөлімен қарап, қымбат па, арзан ба, соны салыстырыңыз.

Қалағаныңызды тауып, ол сіздің негізгі талаптарыңызға сәл де болса сай келсе, біірақ тағы да іздестіруге ниетті болсаңыз, хабарландыруды «таңдаулыға» қосып қойыңыз.  

Үйдің қожайынына бірден хабарласқан дұрыс, аны кейінге қалдырмаңыз. Өйткені басқа жалдаушылар сіздің таңдауыңызды қағып алып кетуі мүмкін.  

Жалға берушімен не туралы сөйлесу керек 

 Қандай ақпарат жетіспейді, хабарландырудан нақты нені біле алмадыңыз, соны ұмытпаңыз. Мысалы, жалға алу бағасын егжей-тегжей білу, төлем жасау мерзімі, пәтердің қазіргі жағдайы және тағы басқа сқрақтар. Үйіне жөндеу қашан жүргізілді, жиһаз, сантехника, тұрмыстық техника қандай жағдайда – осындай дүниені алдын ала біліп алғаныңыз абзал.

Үйді көргіңіз келетінін айтып, келісіңіз. Оны тек күндізгі уақытта істеген дұрыс. Бірнеше үйді қарасаңыз тіпті жақсы, өйткені салыстыруға мұршаңыз болады. Ал егер қолыңыз тимей қалса немесе ойыңыздан айнып қалсаңыз, онда міндетті түрде үй иесін ескертіңіз.  

Үй иесін пәтердің құжаттарын, оның түпнұсқасын және жеке куәлігін  сізге көрсетуге дайындап қойғанын алдын ала ескертіңіз.

Пәтерді қалай қарау керек

Алдымен сол аумақты қарап шығыңыз, бағалаңыз:

- қоғамдық көлікке қолжетімді ме, инфрақұрылым (аялдамал, көлік тұрағы, дүкендердің және т.б.) болуы;

- аула, ойын алаңы (қажет болған жағдайда), кіреберіс, жеделсатының күйі;

- қауіпсіздік: камералар, жарықтандыру және т.б.

Пәтерде асықпай, мұқият  тексеріңіз:

- жөндеуден өткізілген бе?;

- жиһазы бүтін бе?;

- сантехникасы қалай?;

- розеткалары. Күймеген, уақытша сымдар және басқа қауіпті белгілер болмауы керек;

- есік-терезелерінің жағдайы.

Егер кемшіліктерді тапсаңыз, иесінен оларды қалай және қашан түзететінін сұраңыз.

Құжатта нені тексеру керек

• Үй иесінің жеке куәлігі мен жылжымайтын мүлік туралы құжаттардың мәліметтерін тексеріңіз (сату-сатып алу шарты, айырбастау, сыйға беру, жекешелендіру немесе мұрагерлік туралы куәлік). Тұрғын үйдің мекенжайына назар аударыңыз.

• Құжаттардың түпнұсқа екеніне көз жеткізіңіз.

• Егер құжаттар болмаса немесе олардың шынайылығына күмән келтірсеңіз, мәміле жасасудан бас тартыңыз.

Келісімшартты қалай жасауға болады

Жалдау келісімшартын жасамас бұрын мына мәселелерді талқылаңыз:

- жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтерді төлеу тәртібін;

- тұрғындардың санын;

- пәтер иесі пәтерге қаншалықты жиі келетінін;

- жалдап тұру құны бір жыл ішінде (немесе басқа кезеңде) өзгертілуі мүмкін бе?;

- ақауларды кім және қандай тәртіппен жөдеуі керек;

- депозит талап етіле ме?

1. Шарт жасаңыз немесе стандартты үлгіні жүктеп алыңыз және оны өзара келісімді ескере отырып түзетіңіз.

2. Оған мүлікті түгендеу актісін тіркеңіз: не және қандай жағдайда екенін нақтылап. Фотосуретті де қоса аласыз.

3. Есептегіш құралдардың көрсеткішін де жазыңыз.

Келісімшартта не болуы керек:

- шарттың жасалған күні, орны және үйдің нақты мекенжайы;

- толық аты -жөні, туған күні, жеке куәлік мәліметтері, меншік иесі мен жалға алушының тұрақты тұрғылықты жері;

- құқық белгілейтін құжаттың деректері (нөмірі, меншік құқығын тіркеу күні);

- келісімшарттың қолданылу мерзімі;

- жалдау ақысы теңгемен және төлем тәртібі;

- кешіктіруді төлеу шарттары;

- шартты бұзу және жалға алушыны шығару тәртібі. Азаматтық кодекске (545 -бап) сәйкес, олар үш ай бұрын көшіру туралы ескертуі тиіс;

- зиянды өтеу тәртібі және т.б.

Ешқандай жағдайда келісімшарт жасалғанға дейін ақша бермеңіз.

Құжаттарды  тексермей тұрып пәтер жалдамаңыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ИНТЕРНЕТТЕ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАЗА

ҮЙДІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЖАҚСЫ БАҒАҒА САТЫП ЖІБЕРГІҢ КЕЛСЕ ...

НҰСҚАУЛЫҚ: ПӘТЕРДІ ДЕЛДАЛСЫЗ ЖАЛҒА АЛУ

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ҚАНДАЙ ҮЙДІ ИПОТЕКАҒА САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ
ЖАЛҒА АЛҒАН ҮЙГЕ КІРМЕС БҰРЫН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚАЙ КЕЗДЕ САТЫП АЛҒАН, САТҚАН ҰТЫМДЫ?

АЛМАТЫДА ҚАЙ ЖЕРДЕН ҮЙДІ ЖАЛҒА АЛУ АРЗАН?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.