{metadescription}
Интернетте есірткі таратушыларға қарастырылған жаза

Интернетте есірткі таратушыларға қарастырылған жаза

Есірткіні интернет бизнеске айналдырған адам қандай жазаға тартылады? Қазақстанда  аталмыш қылмыс бойынша қанша іс қаралып жатыр? Ал сатудан бөлек, оны жарнамалап, насихаттағаны үшін қандай жаза қарастырылған? Есірткінің жаңа түрлері анықталып жатыр ма? Бүгінде синтетикалық есірткінің қанша түрі бар? Жалпы, қандай жаза қалай күшейтілді?

ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков  жоғарыдағы сұрақтарға былай деп жауап берді: 

Соңғы екі жылда заңнама қайта қаралған.

Есірткі айналымының алдын алуға бақылау орнату тәртібі жеңілдетіліп, оны интернет желісі арқылы сату мен сатып алған жағдайдағы жауап күшейтілді.

2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап есірткі қылмысы үшін заңнамаға «электрондық коммуникация жүйелерді пайдалана отырып» деген жаңа айқындау енгізілді. Ол ішінара бірнеше бап бойынша қарастырылған.

Мысалы, есірткі немесе оны жасауға қолданылатын заттар айналымы, электрондық коммуникация жүйелерді пайдалана отырып есірткіні насихаттау.

Елімізде есірткі қылмысы үшін ұзақ мерзімді жаза қарастырылған. Есірткімен айналысу ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жатады.

Биыл ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып есірткіні тарату бойынша 77-ден астам фактінің жолы кесілді.

Есірткіні сатудан бөлек, оны жарнамалап, насихаттағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Ол үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы.

Қазір есірткіні насихаттауға қатысты 90 қылмыстық іс қаралып жатыр.

Есірткінің жаңа түрлерін анықтау мен оған тыйым салу жұмысы жалғасып жатыр.

Бүгінде синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түріне қатысты химиялық заттардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген Үкіметтің қаулысы күшіне енді.

Көп таралатын пировалерон, мефедрон (меф) және синтетикалық каннабиноид (спайс) айналымына қатысты жаза күшейтілді.

Осыған дейін аталған есірткі түрлері тәркіленген жағдайда оның көлемі 50 грамды құраған жағдайда жаза қаралатын, енді 1 граммен ұсталса да жазаға тартылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.