Психологиялық тест: Мінезіңіздің ерекшелігі ...
Өз мінезіңіздің ерекшелігін білесіз бе? Айналаңыздағы адамдар сізді қандай адам деп суреттейді? Бүгінде психологиялық тұрғыдан оптикалық иллюзия тесті кеңінен танымал. Соның бірін – шағын сурет арқылы анықталатын психологиялық тестін сіздерге ұсынып отырмыз. Өз мінезіңіздің басым тұсын бажайлап көріңіз.
Автор: Заира Сабитова
Суретте бірінші болып мінезіңіздің ерекшеліктері ашылады.
Әр суретке қарап, ең бірінші байқаған бейнені айтыңыз.
Суретке қарап қалғанда көзіңізге бірден түскен бейнеге назар аудару өте маңызды. Неге дейсіз бе? Себебі: бірнеше секунд ішінде сіздің қиялыңызда сурет мың құбылып өзгереді.
Суреттік психологиялық тест, әрине, сіздің қандай адам екеніңізді кесіп-пішіп айтып, қатып қалған тұжырым жасамайды. Яғни сіздің психологиялық болмысыңызды толық ашпайды. Дегенмен бұны түртіп аларлық, назар аударатын ақпарат деп қабылдаңыз.
Сонымен, мына төрт суретке қараңыз. Ең алдымен нені көрдіңіз?
1.
2.
3.
4.
ТЕСТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
1.
Арыстан. Егер арыстанды көрсеңіз, онда кез келген нәрсені терең түйсініп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бірден қорытасыз. Және ішіңіздегі ең қорқатын нәрсемен бетпе-кез кездесуден қаймықпайсыз. Сіз батыл аламсыз!
Экзотикалық құсты көрсеңіз, онда сіз кейде есіңіз шығып, ойыңызды жинақтай алмай, тіпті кейбір жағдайда іске жауапсыз қарайсыз. Сіз өнер адамысыз, әлемді әсем етуге тырысасыз, әлемді әсерлеуге бейімсіз.
2.
Үйрек көрсеңіз, онда көңіл күйіңіз әткеншек секілді тербеліп тұрады. Біресе қуанып, біресе жылайсыз. Яғни көңіл күйіңіз жиі өзгереді. Және пісіп-жетілмеген шешімді көбінесе асығыс-үсігіс, жылдам қабылдайтын сияқтысыз.
Қоян. Әрекет етуден бұрын, тоқетер шешім қабылдамас бұрын көп ойланып-толғанасыз. Әр нәрсеге сақсыз. Бәрін ақыл таразысына саласыз. Логика – бірінші орында тұр. Соған қарамастан, сізді салқын қабақты, суық деуге болмайды. Сізде сезімталдық, нәзіктік те бар.
3.
Қолтырауын. Барлық жағдайды әрдайым бақылауда ұстағанды ұнатасыз. Соған қарамастан, сізді қайырымсыз, қатал, озбыр адам деуге болмайды. Сіз зерделі, ұқыпты, ықыласты, ілтипатты адамсыз. Менеджер. Басшы. Көшбасшы бола аласыз.
Құс. Жетістікке жету үшін көп еңбектенуге, күш жұмсауға, тыраштануға дайынсыз. Бірақ бұл сіз қара жұмысшы деген сөз емес. Сіздің өзіндік көзқарасыңыз, өз ойыңыз, өз ұстанымыңыз бар. Дегенмен көбінесе біреуге жол беріп, мәмілеге, ымыраға жиі барасыз. Сол себепті де сізді ашықжарқын, ақкөңіл деп санайды.
4.
Иттің тұмсығы. Бұл суреттегі бейнені сараптап, әдеттегідей, солынан оң жағына қарай қарадыңыз ба? Бұл сіздің қарапайым адам емес екеніңізді білдіреді. Бірақ сіздің логикалық тәсіліңізді нақтылайды. Және кәдімгідей әр нәрсені рет-ретімен бажайлап зерттеп, сараптай білуге қабілеттісіз. Суреттің екінші бөлігіне көзіңіз түскенде, келесі бейнені де көріп үлгерген сияқтысыз.
Иттің аяғы мен құйрығы. Егер сіз суретті оңнан солға қарай қарап, зерттеп үлгеріп, бейненің бір мағыналы емес екенін бірден түсінсеңіз, ендеше ... сіз ерекше шешім қабылдауға шеберсіз. Бірақ бұл сіздің логикалық ойлау қабілетіңіз төмен дегендік емес – сіз әр нәрсеге шығармашылық тұрғыдан қарайсыз. Тіпті өзекті мәселені шешуде де.
ЖӘНЕ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
ТЕСТ: ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНІҢІЗДІ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ТЕСТ: СІЗДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІҢІЗ
АМЕРИКАЛЫҚ ТАҢҒАЖАЙЫП ТЕСТ: СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?
СПОРТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ БЕЛСЕНДІ БЕС ТҮРІ