Таңғажайып Тибет тесті
Әр адамға арналған Тибет тесті. Қолыңызға қалам мен қағаз алып, сәл-пәл уақыт бөліңіз. Нәтижесін көріп таңқаласыз.
Автор: Заира Сабитова
Шын жауап беріңіз. Өзіңізді алдамаңыз. Жауабына қарамаңыз, әйтпесе тест жалған болып шығады. Адамның миы парашют тәрізді – ашық тұрғанда жақсы жұмыс істейді.
Сонымен, қолыңызға қарындаш пен қағаз алып, жауаптарды жазып отырыңыз.
Ол не үшін керек? Тесттің соңында нәтижесін көріп, салыстырасыз. Сөйтіп өзіңізге қатысты біраз нәрсе білесіз. Әр сұраққа жауапты рет-ретімен жазыңыз.
Ең керемет жауап – бірден ойыңызға сап етіп келгені.
Есіңізде болсын – жауабын сізден басқа тірі жан көрмейді.
Сұрақтар:
1. Мына бес жануардың атын өзіңізге ұнайтын ретпен тізіп жазыңыз:
Сиыр, Жолбарыс, Қой, Жылқы, Торай.
2. Төменде жазылған сөздердің жанына, қалауыңыз бойынша, мағынасына қарай бір сөз жазыңыз:
Ит — …
Мысық — …
Егеуқұйрық — …
Кофе — …
Теңіз — …
3. Сіздің өміріңізде маңызды және сізді жақсы танитын 5 адамды жазыңыз. Асықпай ойланыңыз. Әр адамды қандай түске сай деп ойлайсыз, сол түстің атауының қасына сол адамның атын жазып қойыңыз.
Жауабыңызды екі рет қайталамаңыз. Әр түске тек бір адамнан:
Сары — …
Қызғылт сары — …
Қызыл — …
Ақ — …
Жасыл — …
Ал енді тестілеудің нәтижесін қарап көрейік:
1. Бұл сіздің өміріңіздегі басымдылықтарды анықтайды:
Сиыр – қызмет мансабы.
Жолбарыс – өзіндік абырой.
Қой – махаббат.
Жылқы – отбасы, жанұя.
Торай – ақша.
2. Ит – жеке басыңыздың қандай екенін білдіреді.
Мысық – қасыңыздағы серігіңіздің болмысын білдіреді.
Егеуқұйрық – дұшпандарыңыздың болмысы.
Кофе – жыныстық қатынасқа деген көзқарасыңыз.
Теңіз – бұл сіздің өз өміріңіз.
3. Сары – бұл адамды сіз ешқашан ұмытпайсыз.
Қызғылт сары – ең жақын досым деп санайтын адамыңыз.
Қызыл – бұл адамды сіз шын ниетіңізбен жақсы көресіз.
Ақ – бұл адамның жаны сізбен туысқандай.
Жасыл – бұл адам өміріңіздің соңына дейін есіңізде болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: МІНЕЗІҢІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ...
ТЕСТ: ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНІҢІЗДІ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ТЕСТ: СІЗДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІҢІЗ
АМЕРИКАЛЫҚ ТАҢҒАЖАЙЫП ТЕСТ: СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?
ТЕСТ: ӨЗІНДІК БОЛМЫСЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?