{metadescription}
Tрейд-ин: ескі пәтерді жаңасына қалай ауыстыруға болады

Tрейд-ин: ескі пәтерді жаңасына қалай ауыстыруға болады

Tрейд-ин деген не? Елімізде трейд-ин қалай жұмыс істейді? Қандай құрылыс компаниялары бұл қызметті ұсына алады?  Қаншалықты тиімді? Жалпы, трейд-ин мәмілесі қалай жасалады? Пәтер қалай бағаланады? Қосымша мүлік қалай сатылады? Трейд-ин келісімшартында не маңызды? Артылықшылығы мен кемшілігі қандай?

Трейд-ин дегеніміз, бір сөзбен айтқанда – ескіні жаңаға ауыстыру. Бұл жерде трейд-ин – жаңасын сатып алу үшін ескі пәтерді сату. Егер қарапайым тілмен айтсақ, бұл схема былай жұмыс істейді: сатып алушы өзінің ескі пәтерін құрылыс салушыға береді, қосымша төлем жасайды, сосын тұрғын үй кешенінен пәтер алады. Құрылыс компаниясы сол уақыт арасында клиенттің жылжымайтын мүлігін риелтор-серіктестері арқылы сатады.

Қазақстанда мұндай қызметті алты ірі құрылыс компаниясы ​​ұсынады.

Сауалнама көрсеткендей, оның шарты тек салынып жатқан тұрғын үйлерге қатысты екенін көрсетті. Тап қазір бұл схема бойынша дайын баспана сатып алу мүмкін емес.

Трейд-ин тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейді. Бірақ мегаполистердегі пәтерді сатқаннан кейін Атырау, Ақтау және Шымкенттен жаңа баспана алуға болады.

Трейд-ин сауда-саттық мәмілесі қалай жасалады?

1. Сатып алушы құрылыс компаниясымен сөйлесіп, пәтер таңдайды.

2. Брондау шартына қол қояды. Кепілдік жарна 10% құрайды.

3. Құрылыс компаниясы сатып алушының пәтерін бағалайды.

4. Тараптар трейд-ин келісімшартына қол қояды.

5. Құрылыс компаниясы немесе оның серіктесі (жылжымайтын мүлік агенттігі) сатып алушының пәтерін сатады. Сіз оны өз бетіңізбен де жасауыңызға болады.

6. Сатып алушы жаңа мүлiктiң үлесi туралы келісімшартқа қол қояды.

Қайталама тұрғын үйге қойылатын талаптар

- Нұр-Сұлтанда немесе Алматыдағы пәтер. Жеке сектор мен коммерциялық мүлік қаралмайды.

- Құрылысы 1961-1971 жылдардан бұрын салынбаған.

- Құқық белгілейтін құжаттардың болуға тиіс.

– Заңсыз қайта салынған (өзгертілген) және көзге көрінетін ақаулары жоқ болуы керек.

- Орталық коммуникациясы бар болуы керек.

Қосымша мүлік қалай сатылады

Негізінен құрылыс компаниясының делдалдары арқылы. Агенттікке сыйақы төленеді, орташа құнының 1 пайызы.

Клиент пәтерін өз бетімен сатса, сыйақы қарастырылмайды. Кейде құрылыс компаниясы ​​агенттік қызметінің ақысын өз мойнына алады.

Пәтер қалай бағаланады

Жарнамалық сайттардағы және жылжымайтын мүлік агенттіктерінің деректер қорындағы ұқсас объектілер үшін орташа нарықтық баға анықталады. Бағасы трейд-ин келісімінің әрекет ету мерзімі ішінде пәтерді сатуға мүмкіндік беруі керек – 2-3 ай.

Егер құрылыс компаниясы тұрғын үйді өзі сатып алса, онда бағасы әдетте нарық бағасынан 15-20% төмен болады.

Артылықшылылығы мен кемшілігі

Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков былай дейді:

Артықшылықтары:

- жаңа пәтердің белгіленген бағасы;

- қосалқы сатып алушыны өзіңіз іздеудің қажеті жоқ;

- делдалсыз мәміле жасауға болады;

- құрылыс компаниясынан толық құқықтық қолдау көрсетіледі;

- жарнама алаңдарында жарнама орналастыру және суретке түсіруді ұйымдастыру;

- үйді көрсету.

Кемшіліктері:

ескі пәтерді тек белгілі бір қалаларда сатып аласың. Компаниялар тек өтімді жылжымайтын мүлікке қызығушылық танытады;

- ескі пәтердің бағасы төмендетіледі;

- жаңа пәтерді күтемңн деп ұзақ мерзімді құрылысқа тап болу қаупі бар;  

 -жаңасын салып жатқанда өзің тұратын үйдің болмауы – ескі пәтерді  сатқаннан кейін сатып алушы үйді 15 күн ішінде босатуға тиіс,  ал құрылыс компаниясы жаңасын салу кезінде қосымша тұрғын үй ұсынбайды;

- жаңа пәтерді сатып алудан бас тарта алмайды, өйткені ескісін сатқаннан кейін ақша құрылыс салушының шотына түседі;

- трейд-ин келісімін бұзу үшін комиссия – пәтер құнының орта есеппен 1% құрайды.

Ескерту: өз пәтерін сатқаннан кейін және жаңасын енгізуді күткен кезде сатып алушы қосымша шығындарды өзі көтереді, яғни ол тұрғын үй (жалдау) мәселесін өзі шешуі керек.

Тәуекелге бел буасың:

Заңгер Андрей Артюшенко келесі тәуекелдерді атап өтті:

- ескіні сату және жаңа пәтерді сатып алу кезінде келісілген сомадан ауытқу;

- қолдануға беру уақытының кешігу мүмкіндігі;

- бір пәтердің құнын екіншісінің есебінен есепке алудың нақтыланбаған  тәртібі.

- Егер бұл сәттер нақты емес немесе түсініксіз болса, онда адам үлкен қатерге бас тігеді.  Ең дұрысы, құрылыс компаниясы ескі пәтерді нақты келісілген бағамен дереу өз меншігіне алғаны. Сонда ескі пәтерді сатушының қаупі төмен болады. Түсініксіз немесе ҚР Азаматтық кодексінде жоқ стандартты емес шарттарға қол қоюды көздейтін мәмілемен келісе алмайсыз.

Трейд-ин келісімшартында не маңызды

- шарттарды өзгерту тәртібі;

- айыппұл санкцияларын қолдану (ең дұрысы, айыппұлдар екі тарап үшін де барынша айнадай болуы керек);

- құқықтарды ұсына білу (болашақта балаларға немесе ата-аналарға мұндай құқық келісімшартқа қосылу керек);

- келісімшартты бұзу (әр түрлі жағдайға қатысты), сәйкесінше, шартты бұзу жағдайлары мен шарттарын шектеу.

Әзірлеуші ​​келіссөздер кезінде немесе жарнамада ұсынатын барлық шарт келісімшартқа енгізілгенін қамтамасыз ету маңызды, әйтпесе сатып алушының оған құқығы болмайды.

-Ең қарапайым және ең қолайлы мәміле бір уақытта ескі пәтерді беру туралы құжатқа қол қойылған кезде және нақты және түсінікті сипаттамалары мен шарттары бар жаңа пәтерді дереу ресімдеу. Бұл ретте ескі және жаңа пәтерлерді тапсыру және қабылдау бір мезгілде жүзеге асырылуы мүмкін. Мен құрылыс салушының немесе басқа тұлғаның пайдасына ескі пәтерді қабылдау актісіне нақты кепілдіктер алмай қол қоюды ұсынбаймын, - дейді Артюшенко.

Сарапшылар трейд-ин, қанша дегенмен, қосымша механизм екенін атап өтті. Оның танымал болмауының бірнеше себебі бар.

– Қазақстанда бұл қайталама баспананың өтімділігі, оны жүзеге асыру мерзімі және адам менталитетіне қатысты мәселе. Мысалы, егер сізде 60-шы жылдары салынған пәтер болса, онда бұл нашар трпейд-ин, өйткені мүліктің сатылымда қанша уақыт болатыны белгісіз. Егер сіз бір немесе екі жыл тұрған пәтер туралы айтатын болсақ және ол әзірлеушілер үшін өтімді болса, аталмыш схема жақсы жұмыс істейді. Дегенмен ешкім бұлай өмір сүрмейді. Біз жөндеу жұмыстарына ақша құямыз, жұмысқа жақын болуы керек,  әлеуметтік нысандар, көлік инфрақұрылымы және басқа да факторлар бізге өте маңызды. Ешкім үйін көлік немесе гаджет сияқты жиі ауыстырмайды. Іс жүзінде мұндай мәмілелер тек осы салаларда танымал. Жалпы, аталмыш әдіс әлемнің ешбір жерінде көп дамымаған. Тек  Америка Құрама Штаттарында табысты жұмыс істейді. Сондай-ақ Ресейде пандемиядан кейін қарқыны өскені байқалды, - деп қорытындылады Виктор Микрюков.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ИНТЕРНЕТТЕ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАЗА

ҮЙДІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЖАҚСЫ БАҒАҒА САТЫП ЖІБЕРГІҢ КЕЛСЕ ...

НҰСҚАУЛЫҚ: ПӘТЕРДІ ДЕЛДАЛСЫЗ ЖАЛҒА АЛУ

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ҚАНДАЙ ҮЙДІ ИПОТЕКАҒА САТЫП АЛУҒА БОЛМАЙДЫ
ЖАЛҒА АЛҒАН ҮЙГЕ КІРМЕС БҰРЫН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚАЙ КЕЗДЕ САТЫП АЛҒАН, САТҚАН ҰТЫМДЫ?

АЛМАТЫДА ҚАЙ ЖЕРДЕН ҮЙДІ ЖАЛҒА АЛУ АРЗАН?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде