{metadescription}
Интернет алаяқтарынан қорғанудың қарапайым жолдары

Интернет алаяқтарынан қорғанудың қарапайым жолдары

Бүгінгі таңда ең көп таралған алаяқтық схемалар қандай? Автокөлік алаяқтарынаың құрығына ілініп қалмас үшін не істеу керек? Біздің елде қандай көлікті жиі ұрлайды? Жалпы қандай сақтық шаралары алаяқтардан қорғап, ақшамызды сақтап қалуға мүмкіндік береді?

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов интернет алаяқтықтарынан қорғанудың қарапайым бірқатар ұсыныс айтты:

  • Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, пластик картаңыздың реквизиттерін ешкімге айтпаңыз;

  •  Аударымдар туралы түбіртекті, кодыңыз бен құпия сөзіңізді тіпті банк қызметкеріне де, полицияға да бермеңіз;

  • Белгісіз және тексерілмеген сайттарға жеке мәліметтеріңізді сеніп енгізбеңіз;

  • Тексеріп алмай, төлем жасамаңыз;

  • Төлемді тауар алғаннан кейін аударуға келісуге тырысыңыз;

  • Күдік тудыратын мәмілелерге ақша аудармау;

  • Табыс көзі белгісіз қаржылық схемалардан сақ болу керек;

  • Қосымшаларды орнатқан кезде App store мен Play Мarket-тің ресми дереккөзін қолданған жөн;

  • Банкинг қызметтеріне кіруге арналған құпия сөзді үнемі ауыстырып тұрыңыз;

  • 3D-қорғанысты және банктер ұсынатын өзге де қауіпсіздік іс-шараларын қолданыңыз;

  • Өз есепшоттарыңызды, ақша қозғалысын үнемі тексеріп отырыңыз;

  • Күмәнді транзакциялар бойынша аударымдарды жасамаңыз;

  • Ашық кіріс көзі жоқ қаржылық схемалардан сақ болыңыз;

  • Смартфонға немесе компьютерге функционалдығы сізге белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;

  • Сізге төлем үшін жіберілген немесе белгісіз контактілерден немесе қалқымалы терезелерден спам-хабарламаларда қамтылған сілтемелерді баспаңыз.

Қазір ең көп таралған схемалар - лизинг, несие, автокөлікті жалға беру. Мәселен, соңғы кездері (істері анықталды – ред.) Ресеймен қарым-қатынаста болған кезде көп болды. Шабуылшылар РФ-да көлікті жалға алады. Бірінші ай лизинг немесе несие төленеді. Кейін автокөлікті Қазақстан аумағына айдап әкеліп, біздің елде сатып,ҚР азаматтарына рәсімдейді. Лизинг немесе несие төлемі тоқтатылғаннан кейін лизинг компаниясы аталмыш көлікті іздей бастайды, бірақ көлік атымен жоқ. Жалдау төлемі тоқтатылғаннан кейін автокөлік іздеуге жарияланады. Жалға алғанда да тап осындай схеманы жүзеге асырады.

Mercedes, Toyota, Mazda, BMW, Volkswagen және Lexus көліктерін ұрлау жиі кездеседі. Биыл мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші 74,3 пайызды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,7 пайызға жоғары.

ЕСКЕРТУ: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтар негізінен не ақша алуға, не жеке деректерді алуға, аккаунтарды қолданып,  шоттарға қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалана отырып ақша ұрлайды.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ИНТЕРНЕТТЕ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАЗА
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: НЕГІЗГІ СИПАТ. ЖӘРДЕМАҚЫ. ОНЛАЙН-ЖҰМЫС. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

БАЛАМ ЖОҒАЛЫП КЕТПЕСІН ДЕСЕҢІЗ...

ЖАЛҒА АЛҒАН ҮЙГЕ КІРМЕС БҰРЫН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ПӘТЕР ЖАЛДАҒАНДА АЛДАНЫП ҚАЛМА

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде