СҰРАҚ - ЖАУАП: Мобильді аударым мен төлемге қатысты нақты ақпарат
Мобильді аударымдарға салық салынатыны рас па? Жақыныма аударыммен ақша жіберсем, менен салық алына ма? Мобильді аударымдар үшін бекітілген өлшемдерді көре аламыз ба? Кәсіпкерлер мобильді төлеммен ақша қабылдау үшін кәсіпкерлік қызметке бөлек шот ашу керек пе? мобильді аударымдар мен қолма-қол ақша төлемдерінің есебін жүргізуім керек пе?
Автор: Заира Сабитова
Мобильді аударымдар мен төлемдерге қатысты сұрақ көп. Жұрт ненің шындыққа жанаспайтын, ненің рас ақпарат екенін білмей шатасты. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қоғамда талқыланып жатқан бірқатар сұрақтарға былай деп жауап берді.
2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық мобильді аударымдарға салық салынады – жалған ақпарат.
Неге? Жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар салық салуға және тексеруге жатпайды. Енгізілген өзгерістер декларацияда заңды айналымды көрсетпей, мобильді аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты.
Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналардан туған күндерге аударым арқылы ақша алсам, бұл үшін менен салық алынады – жалған ақпарат.
Неге? Жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл ретте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беру жоспарлануда. Және бір тұлғаның күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет аударымдарды алуы кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийлерінің бірі болып табылады.
Мен жеке кәсіпкермін, енді мобильді төлемдерінен түскен түсімдер үшін де салық төлеуім керек пе? Бұл екі рет салынған салық қой! – жалған ақпарат.
Неге? Салық екі рет салынбайды, мобильді төлемдер жаңа салық түрі емес және қосымша салық ауыртпалығын көтермейді.
Жеке кәсіпкерлер өздерінің заңды айналымын көрсетуі керек.
Сонымен қатар, салық демалыстары 2023 жылға дейін күшінде екенін хабарлаймыз, онда шағын бизнес салық төлеуден босатылады.
Салық органы жаңа 2022 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар туралы барлық ақпаратты банктен алатын болады – жалған ақпарат.
Неге? Жоқ, жеке тұлғалар туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап, жалпыға бірдей декларацияға сәйкес, екінші деңгейлі банктер береді деп жоспарлануда.
Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар мен қолма-қол ақша төлемдерінің есебін жүргізуім керек пе? – жалған ақпарат.
Неге? Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер мобильді төлемдер арқылы қабылданады (мобильді аударымдар арқылы емес).
Осылайша мобильді төлемдерге қаражат кәсіпкердің арнайы шотына түседі.
Декларацияда жалпы айналымды көрсету қажет: оның ішінде алынған қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақша айналымы бар.
СҰРАҚ- ЖАУАП
Егер мен жұмыс істеп, бақылау-кассалық аппаратты барлық сатылған тауарларға қолдансам, енгізілген нормалардың салдары қандай болмақ?
Бақылау-касса машиналарын пайдаланатын және заңды айналымды көрсететін кәсіпкерлерге бұл ереже әсер етпейді.
Екінші деңгейлі банктер потенциалды «құқық бұзушыларға» талдау жүргізіп, мұндай салық төлеушілер туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына береді ме? Достары мен туыстарына аударма жасайтын қарапайым адамдарға уайымдамауға бола ма?
Иә, дұрыс, бұл ереже жеке адамдарға әсер етпейді. Потенциалды «құқық бұзушылар» тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалатын болады, оның критерийлерінің бірі: күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет ақша аударымдарын қабылдаған бір тұлғаның кәсіпкерлік қызметі анықталады.
Енгізілген өзгертулер тек кәсіпкерлерге қатысты, ал жаңа жылдан бастап «мобильді төлемдер» деген жаңа ұғым пайда болады және бұл өздеріне ыңғайлы жолмен ақша аударатын қарапайым халыққа әсер етпей ме?
Бұл ереже тек кәсіпкерлерге қатысты екені рас, бұл ереже жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Критерийлер туралы механизм жобасы ресми түрде жариялана ма? Мобильді аударымдар үшін бекітілген өлшемдерді көре аламыз ба?
Белгіленген өлшемдер қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілерде» талқылау үшін ресми түрде жарияланады.
Кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап мобильді төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін кәсіпкерлік қызметке бөлек шот ашу керек пе?
Дұрыс, кәсiпкерлерде мобильдi төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін жеке бизнес-шот болуы керек.
Сонымен қатар, жеке тұлға үшін тауарларды төлеу кезінде ешқандай өзгерістер болмайды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2022: БІРЖОЛҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІН АЛУДЫҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ
ПӘТЕРДІ САТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ
PFIZER ВАКЦИНАСЫ: СҰРАҚ-ЖАУАП
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ЖОЛДАРЫ