{metadescription}
Елімізде жоғары сұранысқа ие мамандықтар. Жалақысы

Елімізде жоғары сұранысқа ие мамандықтар. Жалақысы

Білесіз бе, кейбір жұмыс берушілер мықты жұмысшысына миллиондап төлеуге дайын. Сіздің мамандығыңыз қандай? Бос жұмыс орнын іздеп жүрсіз бе? Қазақстанда қандай мамандық иелері жоғары жалақы алады? Жұмыс берушілер бос жұмыс орнын жариялай ма? Оның пайызы қандай? Қай қалада бос жұмыс орындары көп? 2022 жылғы ең жоғарғы бес ұсынысты білгіңіз келе ме? 

2022 жылға арналған ең жоғарғы бес ұсыныс:

1.Астанадағы алтын өндіруші холдингтің HR директоры – 3,5 миллионнан 4,1 миллион теңгеге дейін алады. Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

2. Ақтөбедегі сату бөлімінің басшысы салығын алып тастағанда 500 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 3-6 жыл.

3. Астанада PHP жетекші әзірлеуші, салық төлегенге дейін 4400 доллардан бастап жалақы алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

4. Алматыда хирург-имплантолог дәрігердің жалақысы, қолына 1,5 млн-нан 3 млн-ға дейін жетеді. Қажет жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

5. Алматыдағы элиталы жылжымайтын мүлік сату маманы қолға 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін. Қажет жұмыс тәжірибесі 1-3 жыл.

Ал бос жұмыс орындарына жасалған талдауда:

Алматыда – 46 пайыз.

Астанада – 29 пайыз.

Қарағандыда – 4 пайыз;

Шымкентте – 3 пайыз;

Атырауда – 2,5 пайыз.

Кейбір жұмыс берушілер мықты кандидаттарға миллиондап төлеуге дайын.

Елімізде және ТМД елдерінде жұмыс іздеу және жекелеп іріктеуде 2022 жылы сайтқа салынған бүкіл бос жұмыс орнына талдау жасап, бір жылда жұмыс берушілер 300 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялаған.

  • Бос жұмыс орындарының ішінде жалақысы 570 мың теңгеден асатыны – 10 пайыз.

  • Сату менеджеріне арналған бос жұмыс орны – 48 пайыз. Бұл жерде айта кету керек, сату менеджерінің айлық табысы әр түрлі болуы мүмкін. Себебі, бұл пайыз бен жоспардың орындалуына байланысты.

  • Әзірлеушілер мен бағдарламашылар – 15 пайыз;

  • Құрылыс және жылжымайтын мүлік саласының мамандары – 12 пайыз;

  • Топ-менеджменттер – 9 пайыз;

  • Көлік қызметкерлері мен логистер – 7 пайыз.

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде