Алғашқы 10 минутта қатты толқисың. Диспетчер барлық баспалдақтың ажыратылғанын, ғарыш кемесі орбитаға бет алғанын хабарлады.
Жиырма жыл жұлдызға қараған...

Жиырма жыл жұлдызға қараған...

Алғашқы он минутта қатты толқисың. Диспетчер барлық баспалдақтың ажыратылғанын, ғарыш кемесі орбитаға бет алғанын хабарлады.

Осыдан 57 жыл бұрын 12 сәуірде қазақ сахарасының төсіндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне “Восток” кемесі ұшырылғанын ұмытпаңыз.

Жер кеңістігінен алғаш ұзап ұшқан Юрий Гагариннің аспан әлемін бағындыруы 108 минутқа созылды. Бұл көрсеткіш сол кезде рекордтық еді.

Сол кезден бастап Байқоңырдан ғарыштық зерттеулер жасалып, бағдарламалар атқарылып жатты. Дегенмен ғарыш айлағына төрін берген қазақ жері айықпас зардап шекті. Аймақтың экологиясы бұзылып, маңайдағы тұрғындар залалын тартты. Протон зымыран тасығыштарының ауық-ауық құлауы да ауыл тұрғындарына ауру қосты.

Десе де, ғарыш айлағы қазақ үшін мақтанышқа айналды. Бұл айлақтан дүние жүзінен жүздеген ғарышкер көкке көтеріліп жатыр.  Ал қазақ халқына мұндай бақыт тек 30 жылдан кейін жетті.

1991 жылы  Елбасының қолдауымен Тоқтар Әубәкіров әлем бойынша 256-шы, бұрынғы Одақ бойынша 72-ші, ал қазақтың тұңғыш ғарышкері ретінде ғарышқа аттанды.  Оның жолын Талғат Мұсабаев жалғастырды. Ал 2015 жылдың қыркүйегінде қазақ ұлы Айдын Айымбетов Жер орбитасына ұшырылып, Тоқтар мен Талғаттың ғарыштық ғылыми бағдарламаларын жалғастырды.

Бүгінде қазақтан шыққан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов тәуелсіз еліміздің ғарыш кеңістігін бағындыруда жаңа өмір парағын ашты.

Жұлдыздар жақындай түссе. ..

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшудағы дайындығы қалай өтті?  Сол үшін қанша төледі?

Айдын Айымбетов бұл сәтті 20 жыл бойы күтті. Жерден 400 шақырымдағы  арманы орындалды. Ғарышқа алғашқы сапарын ол енді ұмытпас. Қазақ халқы да ғарышты бағындырған үшінші қазақты ұмытпайды.

Ол сапар сол кездегі бағаммен шамамен 20 миллион доллар тұрды. Және серіктесінің күтуден қажығаны да Айдынның бағына бұйырды.

ФОТО: из архива BNews.kz

Талғат Мұсабаев, Аэроғарыш комитетінің төрағасы:

- Ғарышқа ұшуға дайындықтан өткен екінші Аймаханов Мұхтар деген азаматымыз да болды. Айдын мен Мұхтарды дайындықтан өткізуге біршама қаржы жұмсалды. Дегенмен Мұхтар ұзақ күтуден төзімі таусылғасын   азаматтығын ауыстырған болатын.

 Екі апта қалды...

Ғарышқа самғауға екі апта қалғанда  Айдан Айымбетов күрделі физикалық сынақтардан өткізіліп, төзімділігі  тексерілді.

Мария Пушкарь-Василевкая, дәрігер:

Айдын бізге өте ұнады.  Аз уақыт ішінде тез жинақталып үлгерді. Ынтасы жоғары. Формасы жақсы. Сабырлы, тиянақты, мейірбан. Арманын орындауға пейілі мықты деуге болады.

Күн тәртібі минут бойынша есептелген. Борттағы құжаттарды бүге-іүгесіне дейін оқуы, санасына сіңіруі тиіс. Яғни ғарыш кемесін қолмен басқаруға тура келген жағдайға дайын болу керек.

Дайындық тек жаттығудан тұрмайды. Міндеттері жазылған тізімде бильярд, стол теннисі, шахмат та бар.  Ғарышкерлер де  ырымшыл - көкке самғамас бұрын ағаш отырғызады.   

Бір апта қалды...

Экипажды ыңғайлыққа тестіледі.  Құрастырылып  жатқан «Союз» ғарыш кемесі аяқталуға жақын. Әр сайманы мұқият тексеріледі. Ғарыш кемесінде ғарышкерлер өзін жайлы сезіне ала ма? Скафандр ыңғайлы ма?  

Павел Виноградов,  «Энергия» ұшыру-ғарыш орталығы жетекшісінің орынбасары:

Кеме ішіндегі жүктің қандай ретпен орналастырылып, қалай қапталғаны жіті тексерілді. Өйткені жүктер, әсіресе ғылыми жабдықтар көп - 117 келі ғылыми жабдық тиелді.

«Союз» ғарыш кемесінің іші сығылысқан тар. Мұндай жерде екі тәулік болу оңай емес. Дегенмен қаншама жыл төзімділігін не үшін шыңдады?

Фото dixinews.kz

Айдын Айымбетов, ғарышкер:

Дайындық жылдамдатылған қарқынмен небәрі үш айда өткізілді. Бұған дейін  6 жыл  - ортақ ғарыштық, содан кейін топ құрамында дайындықтан өттім. Сондықтан менің дайындық қорым толықтырылды деуге болады.

Экипажды мақұлдағаннан кейін зымыранның негізгі бөлігі баспалдақтармен қиылыстырылады. Сатыларды монтаждау корпусындағы жұмыстар екі күн жүргізіледі. Мұнда 700-дей ресейлік мамандар зымырантасығыштың әр шүрпін мейілінше ұқыптылықпен жинайды. Бұл жұмыстарды БАҚ өкілдеріне көрсетпейді, ол аса құпия болса керек.

Зымыранның негізгі бөліктерін ресейлік Самара қаласындағы зауытта шығарады. Бағалы жүкті Байқоңырға арнайы пойызбен жеткізеді. Ал ұшырылатын кемені жүк тиегіш ұшақпен әкеледі.

Сондай-ақ қазақстандық байланыс серіктері «ҚазСат-1»де арнайы пойызбен жеткізілген. Шу шығарған бірінші Қазсатты мәскеулік Хруничев орталығында жинаған болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл үлкен қателік болды. Қазақстан жер серігімен айналыспайтын кәсіпорынға тарсырыс бергізген. Бұл дәрігер гинекологқа жүрекке ота жасатқанмен бірдей екен. Нәтижесінде 60 миллион доллар желге ұшты – байланыс жоғалып, құрдымға кетті.

Содан кейін тағы екі жер серігі көтерілді. 115 және 180 миллион доллардан. Ғарышқа «ұшырылған» миллиондар» туралы депуттар да мәселе көтеріп, сала басшысын сынға алды.

Осыдан кейін «Бізге қарыштың қажеті бар ма?» деген сұрақ туады. 550 жыл бойы ұшпадық,әлде бастамай-ақ қойған жөн бе еді? Бір жағынан байланыс, қорғаныс қабілеті, тіпті өз аспанымызды бақылау- қажеттілік.

Нұрлан Әселқан, «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» журналының бас редакторы:

Ғарыш елімізге қажет. Өзіміздің жеке ғарыштық құрал-жабдығымыздың болғаны дұрыс. Ол  эксклюзивті  ақпарат алуды, өз ақпаратымызды қорғалған байланыс арналар бойынша таратуды, жұртымызды және шетелдіктерді бәсекелестікке сай өніммен қамтамасыз ету үшін қажет.  

Екі күн қалды...

Таңғы сағат жетіде монтаждау-сынақ корпусында ондаған камералар, әлемнің әр жерінен келген жүздеген журналистер қаптап тұрды. Бәрінің назары - «Союз» зымыран тасығышында.

Күзеті мықты 50-метрлік алыпты старттық алаңға шығарды. 20 шақырым жерді пойыз екі сағатта жүріп өтеді. Содан 300 тонналық құрастырылымды тігінен қояды. Дәстүр бойынша зымыранды көруге қосалқы құрам мен ғарышкерлердің туыстары келеді.

Жерлесіміз Айдын Айымбетовке мерейтойлық 500-інші ұшырылымның ғарышкері болу бағы бұйырды.

Бір күн қалды...

Комиссия негізгі экипажды бекітті. Қазақстандық Айымбетов ұшатын болды!

Репортерлар сұрақтың астына алды.

- Ғарышқа ұшамын деген арман қайдан туды?  
- Кішкентай кезімде әкеммен шөп шауып болған соң түнде аспанға қарап тыныстап тұрдық. Сол кезде жарқыраған бір жұлдыз ағып түсті. Әкем оның болид екенін айтып берді, содан бастап менің аспан әлеміне деген қызығушылығым туды.  

Кино қаралды. Есікке маркермен қол қойылды. Киелі су бүркілді. Дәстүрге бағыну керек. Тіпті қонақ үйден шыққанда «Земляне» тобының танымал әні шырқалды. Ғарыш айлағында мамандардың жіті бақылауымен скафандр киілді. Туған-туыстарымен араласуға бірнеше минут беріледі. Басшылыққа есеп берілді.

Автобусқа бет алады. Туыстарының арасында көз жасын сығып алғандар да бар. Соғысқа аттандырмаса да, қайда бара жатқанын білген де жеңілдік әкелмейді.

Ал зымыранға ғарышкерлерді ғарыш агеттіктерінің басшылары жетектеп әкеледі. Қол бұлғап қош айтысты. Бірер минуттан соң жерден ажырайтын кемеге лифті арқылы көтерілді. Құтты бір жерден емес, бүкіл астаң-кестең дүниеден көтерілетін секілді.

Жолдағы 2 тәулік, ғарыш станциясындағы 10 тәулік, ондаған сынақтар, бірнеше қосылыс- сондай жылдамдықпен оралу.

Қабықтың ішіндегі ғарышкерлер Қазақстанға қонды. Ұшқан жеріне қайта оралды.

«Слава Казахстану! Айдын, ура!» - деп айқайлады қазақ жеріне қонған шетелдік ғарышкерлер.

Жалға алынған Байқоңырдың қазіргі ахуалы қандай? Протондар неге құлайды? Сайын даладағы ғарыш айлағының болашағы бар ма? Ғарыштық жоба-жоспарлар қандай? Бұл сұрақтардың жауабын "Главная редакция" бағдарламасының арнайы репортажынан қараңыз.

Оқи отырыңыз: СПОРТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ БЕЛСЕНДІ БЕС ТҮРІ

ТЕСТ: ӨМІРДЕ ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАСЫМДЫҚ БЕРЕСІЗ?

КҮЛКІ – ӨЛМЕЙТІН ЕЛДІҢ ӨШПЕЙТІН КҮШІ

КТК АРНАСЫ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІН МҰРАТ ЕТКЕН КИНО ТҮСІРДІ

ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ: ИТ ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

ӘЗ НАУРЫЗ: ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ОЙ САЛАТЫН САЛМАҚТЫ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ИНСТАДАҒЫ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ 8 КЕЛІНШЕК

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.