Сібірден жеткен сүйіктім
Сібірден жеткен сүйіктім

Сібірден жеткен сүйіктім

СЕНБІ - 10:00

Мелодрама (4 бөлім)

Ресей, 2016 жыл

Орыс тілінде

Өрмінезді Анастасияның екі арманы бар: Никита Басовпен тұрмыс құрып, өзін тырп еткізбей ұстап келген Вениамин атасының құрсауынан құтылу. Алдайда қызқұмар Никита қызды тастап кетеді. Көңілі құлазып, көліктің астына түсе жаздаған Настяны Сібірдегі шалғай бір қыстақтан астанаға қонаққа келген аймақтық инспектор Степан құтқарып қалады. Ал, атасы немере қызына ақша бермей жүреді. Ол «егер Стёпаға үйленіп, жарты жыл жарасып тұра алсаң және менен көмек сұрамасаң ғана, сені қайтадан бауырыма тартармын» деген талап қояды. Степан жаңа қосылған қалыңдығын алып, Сібірге тартып кетеді. Қыстақтың бейтаныс тіршілігі,  Стёпаның той-думаншыл туыстарының қылықтары, оның бұрын жүрген қызының өштесулері, Никитаның табан астында келе қалуы Настя үшін нағыз сынаққа айналады да, айналасына мүлде басқаша көз тастатып, ойландыра бастайды.

Рөлдерде: Валерий Баринов, Антонина Дивина, Владимир Гориславец

Серіктестер жаңалықтары