{metadescription}

Қайрат - чемпион, №1 пәк жігіт

Бұл жастарға арналған отандық тұңғыш комедиялық фильм. Кейіпкерлері де өмірден алынған: балалар үйінен шыққан бойжеткен, кедей студент, олигарх, әкесінің байлығын шашып-төгіп жүрген ерке-тотай қыз, тіпті жезөкшелер мен қызтекелер де бар. Яғни қоғамның түрлі топтары өкілдерінің тыныс-тіршілігі бір жарым сағаттық киноға сыйғызылған.

Бас кейіпкер - Қайрат есімді сәбидей бейкүнә жігіт. Олигарх оны өзінің әйелдерге көңілі ауған қызына қоспақ болады. Мақсаты – дені сау немере сүю. Қызына бала көтеруге көмектескен Қайратқа- олигарх 2 миллион доллар төлеуге дайын. Байдың рөлін сомдаған Бақтияр Қожаның бұл комедиялық жанрда түскен алғашқы картинасы.

Рөлдерде: Тұрар Дәуілбеков, Регина Искандарова, Линда Нығматуллина, Бқхтияр Қожа, Сергей Погосян, Дмитрий Скирта, Нағима Есқалиева, Нұртас Адамбаев.

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.