{metadescription}
2 серия

Қарлығаш

17.05.2017

Арақтың кесірінен ойрандалған бүтін бір отбасының тағдыры.  Ішімдік талқандаған тағдырлар  жайында.  Үйдегі ұрыс-керіс, ащы суға сылқия тойған әке. 

Фильмнің басты кейіпкері Қарлығаш – 11-ші сынып оқушысы. Ол әкесінің кесірінен күллі достарының арасында мазаққа айналады. Ақыры шыдамы таусылған Қарлығаш пен анасы Жамал қаладан ауылға көшіп кетеді. Бірақ алып шаһардан кеткенімен, Қарлығаш ауылда да түрлі қиындықтарға тап болады. Жаңа сыныптастары қалалық қызды жылы қабылдай қоймайды. Осылайша кинотуындының жалғасы аядай ғана ауылда өрбиді.
Фильмнің басты кейіпкері Қарлығашты жас актриса Әсел Мұстафаева сомдайды. Бұл – оның кинодағы алғашқы рөлі.

Көп сериялы фильмде өмірде кездесетін жағдайлар көрсетілген. Сондықтан, ол көрермендерді елең еткізбей қоймайды.

Рөлде: Әсел Мұстафаева, Рәбиға Ағманова, Кеңес Нұрланов

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.