Аман қалудың айласы
Аман қалудың айласы

Аман қалудың айласы

ЖҰМА - 21:35

Драма (4 бөлім)

Ресей, 2016 жыл

Бірін бірі шын сүйген екеуі босағасы берік, өз ортасына үлгілі отау құруға қол жеткізеді. Дүниеге келген екі бала шаңырақтың шаттығына айналады. Өз міндетін аса жауапкершілікпен атқара білген тергеуші Олегтің офицерлік абыройы асқақтай түседі. Сүйген жары Ирина балаларын бағып, үй тірлігін тындыруға құмар-ақ. Қамқор күйеуі бар не керектің бәрін тауып беріп, еш таршылық көрсеткен емес.

Жұмысын жайластыруға қажеттіліктен туған тосын бір әрекеттері қабаттаса қалып, отбасылық құндылықтардың қадірін кетіре жаздайды.  Олегтің өзі өтініш еткен соң, ажарлы да ақылды әйелі бұрынғы күйеуінің түрмеден мерзімінен ертерек шығуына ықпал етеді. Жедел шешілуі тиіс қылмыстық істің тоқырап қалуы тәжірибелі тергеушіні тұтқындағы жанның таныстарын пайдалануға мәжбүр етеді. Еркіндікке шыққан ол басын аман сақтап қалу үшін жедел қызметкерлерді айласын асырып, алдап соғады. Қулығына құрық бойламас қылмыскер қитұрқы жоспар құрып, аңқаулау капитанның офицерлік беделін түсіруді ойластырады.
Бұзақылардың қулық-сұмдығынан мүлде бейхабар әділетті қызметкер енді өзі осы былықтың құрбанына айналып шыға келеді. Осылайша, жан-жақтан жабылған қаскөйлердің кесірінен қатты сүрінген ол темір торға қамалады. Арына дақ түсірген қылығы үшін әріптестері де оны кінәлап, айтқанына сенбей, теріс айналады. Тек қана Ирина қаумалаған дұшпандардың тұзағынан адал жарын құтқарудың ерекше жолын табуды мақсат етіп, жанұшыра әрекет етуге көшеді...

Басты рөлдерде: Владимир Жеребцов, Любава Грешнова, Анастасия Панина, Александр Наумов

Серіктестер жаңалықтары