Сапарың сәтті болсын
Сапарың сәтті болсын

Сапарың сәтті болсын

ЖЕКСЕНБІ - 22:10

Шытырман оқиғалы мелодрама

Ресей, 2008 жыл

Бұл фильмде жап-жас екі авантюристің күлкілі оқиғалары баяндалады. Жігіт – жалын атқан өрмінезді заңгер. Қыз – поп-әндерді жаңадан шырқап жүрген әнші. Бірі күрделі істі дұрыс шешсе, лауазымы өсерін біліп, Ярославльдегі сот мәжілісіне аттанса, екіншісі дәл осы қалада концерт бермекші.

Тура осы аралықта аяқтан шалар небір тосын жайларға тап бола бастайды: алғашында екеуі пойызға кешігіп қалады, артынша мінген таксилері жол апатына ұшырайды. Одан әрі ел кезген жалбыршаш растамандармен де, жүк көлігін алысқа айдаушылармен де сапарлас болады. Сөйте жүріп, бір-бірінен құтылуға тырысады. Алайда тағдыр оларды қайта-қайта жолықтыра береді. Бұл сірә, бекер болмаса керек...

Рөлдерде: Дмитрий Миллер, Анна Назарова

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...