{metadescription}
Сүйікті Дениз

Сүйікті Дениз

СЕЙСЕНБІ-ЖҰМА - 02:05

Мелодрама

Дениз бақытты өміріне дән риза. Зәулім үйі бар, дәулетті кәсіпкер күйеуі Алиханы, сүп-сүйкімді ұл, қызы Озаны мен Эджесі қасында. Жақын құрбысы Хулия мұның күйеуінің адалдығын қызғанып, өзінің көмекшісі Шебнемге «сен Алиханды айналдырып ал» деп азғырады. Әзәзілге ерген ол мұның ашынасына айналып шыға келеді. Сол күннен-ақ бастарынан бақ кеткен отбасының берекесі қаша бастайды. Алиханның фирмасы тарап, соның кесірінен, несие берген жандар мұны жан-жақтан талауға кіріседі.  Қалған дүние-мүлкінен де айрылып қалмау үшін, Алихан енді Денизге «өтірік ажырасайық» дейді. Ажырасқаннан соң, Дениздің күйеуі із-түзсіз жоғалып кетеді. Алиханның өз бала-шағасының күн көрісіне мүлде ештеңе қалдырмай кеткені кейін белгілі болады. Денизге енді қарт әкесі мен балаларын жұпынылау ауданға көшіріп, пәтер жалдап тұрудан басқа амал қалмайды. Бірақ мұнда да Денизді қырсық аңдып тұр екен. Сөйтсе, бұл әлдебір алаяққа тап келіп, алты айдың пәтерақысын алдын ала беріп қойған екен. Бұл сұмдық үйдің нағыз қожайыны Мират келген кезде ғана айқындалады. Дениз амалсыздан бүкіл бала-шағасымен оның үйінен кетпекші болады. Құдай жарылқап, Мират ар-ұяты бар жігіт болып шығады да, уақытша паналай тұруға рұқсат етеді. Кім білсін, бәлкім бұл Денизге бұйырар жақсылықтың нышаны шығар?  

Рөлдерде: Озге Озберк, Кутси, Йешим Джерен Бозоглу, Хакан Эратик

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.