{metadescription}
Тұзақ

Тұзақ

Фильмдегі басты кейіпкер – әке-шешесінің тапқан ақшасын жаратуды ғана білетін жатыпішер жалқаудың өзі. Барға мастанып, маужырап жүрер ол өз ортасына бейімделіп, оңалуды ойлай қоймайтын. Білегін сыбанып, не тірлік қылса да, дұрыс көзін таппағандықтан, түкке де жарамай қалатын. Бейбақ неме бір күні көлігімен әлдебіреуді қағып кетеді. Әлгі кісі жай адам болмай шықты... Қылмыс әлемінің серкесі енді өзін қағып өтіп, қашып кеткен мұны кешірмесі анық. Ендігі жерде жалқаудың басына күн туатын болды. Себебі, бұзақылардың қаһарына өзі ғана емес, жанашыр жақындары да ілінді...

Рөлдерде: Ғани Әжикенов, Умида Мұхитдинова, Жандос Амангелдиев

Қазір эфирде