{metadescription}
Анжелика

Анжелика

ДҮЙСЕНБІ – СЕЙСЕНБІ - 21:00

Мелодрама (12 бөлім)

Кубандағы казактардың шағын станицасында бақытты Анжелика тойға дайындалуда. «Ең сұлу қыз» деген атағы бүгіл аймаққа тараған ол бәрін іштей ұғынып, өзін тек бақытты болашақ қана күтіп тұрғанына сенеді. Қысқасы, оның ертегідей әсем өмірін қызғанған өзгелер сыртынан «Анжеликаның орнында шіркін, мен болсам ғой!» деп күңкілдеумен күн өткізеді. Тек, бұл ертегінің табан астында тас-талқан боларын ол кезде ешкім білмеп еді...

Тойға бір апта қалған кезде, қыдырып келген бір топ әнші қызды алдап, көлікке отырғызады да, айуандықпен зорлап, станицадан тайып тұрады...

Абыройы төгілген Анжелика бір демде жігітінен де, құрбыларынан да айрылып, ауылдастарының күлкісіне айналып, шыға келеді. Жығылғанға жұдырық болғандай, сәлден соң қыз екіқабат екенін біледі. Әрі-сәрі күй кешкен ол бәрібір де баласын туады да, өзін қорлаған жігіттерді іздеп  тауып, кегін алу үшін, Мәскеуге жол тартады. Мәскеуде кейіпкеріміз тағы бір сынаққа тап болады: бұзақылардың жат ортасында қуыршаққа айналып, сұлулығын көре алмаған адамдардың өзін қалай жек көретінін біле бастайды. Бар қорлыққа шыдаған ол қайтадан сүйіп, беріле сенсе де, ішкі есебін ойлап, өзін сатып кеткен жанға тағы да кез болады…

Сұлу қызымыз қарғыс атқан ортадан қашып құтылып, қатыгезге айналмай, сол баяғы Анжелика болып қала алар ма екен?

Рөлдерде: Ольга Павловец, Алексей Макаров, Ирина Розанова

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.