{metadescription}
Аталар сөзі

Аталар сөзі

СЕЙСЕНБІ - ЖҰМА - 16:40

Тұсаукесер!

Сериал

Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері, белгілі бір өмір сүру салттары болатыны белгілі. Өмірде болып жатқан әрқилы оқиғалардан кейде қалыптасқан дәстүрлердің бұрмалануын, қоғамға тән емес кейбір оғаш нәрселердің орын алу жағдайларын байқауымыз мүмкін. Бұндай оқиғалардан түрлі қорытындылар жасап, ой түйіндеуімізге, ғибрат алуымызға болады. Қазақтар мен өзбектердің тілі, салт-дәстүрлері ұқсас туыстас халықтар екені белгілі. «Аталар сөзі» деген жалпы атпен біріктірілген әртүрлі өмірлік хикаялардың жастарға үлгі, жалпы жұртқа сабақ болатындай ғибратты тұстары көп, тәрбиелік мәні зор.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей Мираббос Мирзаахмедов ақсақал бастап жүргізетін, аяғында қорытынды жасайтын бұл хикаялардың біздің жастарымызға да берері мол.

Рөлдерде: Мираббос Мирзаахмедов, тағы да басқа әртістер

Қазір эфирде