{metadescription}
Барыстар

Барыстар

ЖҰМА - 21:40

Детектив (4 бөлім)

Үш айнымас дос - Егор, Миша мен Александр бір кездері «Барыстар» деп аталатын арнайы жасақ орядының мақтаныштары болған еді. Олар батылдығы мен өжеттігі жағынан бірінен бірі өткен сайыпқырандар… Арада бірнеше жыл өтеді. Олардың әрқайсысы өз беттерінше өмір сүріп жүреді. Жаңа жұмысқа орналасады. Олар сирек кездессе де, дос болып араласып тұрады. 

Егор қорықта қорықшы болып жұмыс істейді. Бірде ол орманнан кісі қолынан қаза тапқан журналисті тауып алады. Бәрі жергілікті күзет кәсіпорнының қызметкерлерінен күдіктенеді, өйткені оларды алдында ғана осы маңнан көрген болатын. Алайда жергілікті полиция тергеу жүргізуге де, күдіктілерді тексеруге де асықпайды. Сол себепті Егор бар шаруаны өз қолына алмақ болады…

Рөлдерде: Константин Соловьёв, Олег Васильков, Сергей Коваленко, Михаил Павлик, Руслан Спояло, Максим Ковалевский

Қазір эфирде