{metadescription}
Зор мансап

Зор мансап

ЖЕКСЕНБІ - 22:30

Мелодрама

Наташа өз жұмысын үнемі бірінші орынға қоятын. Ол мансап баспалдағымен көтерілу үшін алға ұмтылған жас кардиохирург дәрігер. Сондықтан да болар, оның жеке өмірде жолы болмай жүреді. Екі жыл бойы кездесіп жүрген жігіті Максим оған сүйетінін айтып, сен үшін әйелімді тастап кетуге әзірмін деп үйіп-төгіп уәде береді. Алайда өз өмірін түбегейлі өзгертуге батылы бармайды.

Құрғақ уәдеге тойған Наташа жігітімен қош айтысып, өз жұмысына ден қояды. Ол Германияға тағылымдамаға бармақ боп комиссияға құжат тапсырады да, соның жауабын асыға күтіп жүреді. Мұнан басқа, оны алда өзі көптен бері дайындалып жүрген күрделі де қызықты ота күтіп тұрған болатын. Алайда таңертеңгілік кезекшілікке келген Наташа ол отаны басқа дәрігердің жасағанын естиді. Сөйтсе, дәрігер Сергей Анисимов кезекшілік еткен кезде губернатордың ағасы боп келетін емделушінің халі нашарлапты. Оны тексерген Сергей отаны кейінге қалдыруға болмайтынын түсінген. Сергейдің бұл қылығы Натальяның ашуына тиеді, себебі науқасты түскен кезінен бастап қарап келе жатқан Наташа еді. Ыңғайсыз ұрыс-керіспен басталған қос дәрігердің таныстығы күтпеген жерден әрі қарай басқаша жалғасады.

Рөлдерде: Яна Крайнова, Константин Стрельников, Михаил Богдасаров, Анна Полупанова

Қазір эфирде