{metadescription}
Жауынгер. Аңызға айналды

Жауынгер. Аңызға айналды

СӘРСЕНБІ – БЕЙСЕНБІ - 23:30

Тұсаукесер!

Шытырман оқиғалы детектив

Тұтқындар отырған вагонда жасы келген қария жасөспірім қылмыскерлерге инкассаторлар көлігін тонаған Жиһанкер туралы әңгіме айтады. Ол бұрын түрмеге отырып шыққан Джеральдпен кездесіп, оның ұрлап алған миллионын тонамақшы болады. Бірақ жігіт кенеттен оны келімсек Халифтан қорғап қалады. Әпкесін өлтірген қанышердің ізіне түскен еркек жолы болмаса да, бұнымен тоқтайын деген ойы жоқ еді. Дегенмен Ростовтағы тәртіп сақшылары жергілікті қылмыс серкесі, Джеральдтың әкесі Дон Бутаформон кездесуіне тура келеді. Сөйтсе оның ұлы психологиялық көмекке зәру сырқат екені анықталады. Қалаға әпербақанның қарындасы Анжелика келіп, кейіпкердің жүрегін жаулап алады. Сұлу қыз да сымбатты жігітті ұнатады.

Қылмыстық тұлғаның айналасындағы ешбір адам басты кейіпкердің Федералдық қауіпсіздік қызметінің агенті екенін білмейді. Жауынгердің міндеті – шенеуніктерді әшкерелейтін кассеталарды тауып, оны майор Азовқа беру. Анжела әкесін құтқарып, інісін қиындықтан арашалап қаламын деген ниетпен сұмдық мақала жазуға бел буады. Ал оның ағасына әкесінің тағын басып алу  туралы арам ой келеді. Әкесі болса қыз-келіншектерді зорлап, адам өлтіргенді жақсы көретін ауру ұлын емдеуді талап етуден жалықпайды. Қауіп-қатерлі іске және топтар арасындағы қарама-қайшылыққа араласқан қауіпсіздік қызметінің агенті қиын жағдайда басын аман алып қалуға барын салады. Жан сауғалап жүріп қолына әрең түсірген айғақ заттарды досына тапсырған кезде, жігіт оның мықты бастыққа жұмыс істейтінін түсінді. Жедел уәкілге атыс-шабыста қашып кету бақыты бұйырып, ол ғашығымен қол ұстасып кетіп қалады. Ал сол жерде қалған қылмыскерлер билік пен ақшаға бола жанпида күресін жалғастыра береді.   

Рөлдерде: Александр Блок, Александр Ильин, Ян Цапник

 

 

Қазір эфирде