{metadescription}
Бродяга

Бродяга

ЖЕКСЕНБІ - 02:10

Тұсаукесер!

Атыс-шабыс фильмі

Бұл атыс-шабыс фильміндегі басты рөлді Миролим Киличев ойнайды. Ол Өзбекстанға шабуыл жасаған «зұлым күштермен» күресетін «жақсы» полицейдің бейнесін сомдайды. Өзбекстанға сырттан қауіп төнеді. «Періште» деп аталатын лаңкестік топ мүшелері мемлекетаралық қақтығыстарды жасаумен айналысады. Бұл ұйым Орта Азияға, әсіресе Өзбекстанға қызығушылық танытады. Олардың басты мақсаты – елдің іргесін сөгіп, бүлік шығару. Бұл үшін лаңкестер белгілі бір адамдардың сеніміне кіріп алып, оларды өлтірмек болады. «Періште» ұйымы өз шабуылын Ауғанстан жақтан бастайды. Олар жайқалған ағашты тамырына балта шапқысы келеді. Осы кезде жалғызбасты қария Жахонгир есімді бір жігітті ес-түссіз күйде тауып алады. Жігіт екі жыл бұрын бір қыздың өліміне кінәлі деп табылып, іздеуде жүрген болатын. Жахонгир қалаға екі жыл өткен соң келеді. Ханның адамдары оның соңына түседі. Жахонгирдің қолында бойтұмар секілді жасалған бір флешка бар. Ханның адамдарына осы флешка қажет болады. Флешкада олар жоюға тиіс тұлғалардың тізімі, олар жайындағы шифрланған деректер мен іс-қимыл жоспарлары бар еді. Жахонгирдің есінде ештеңе жоқ, бірақ ол өзін іздеуде жүрген қылмыскер шығармын деп ойлайды. Жедел уәкілдер «Қаңғыбас» атты жаңа арнайы операция ойлап тауып, оған Жахонгирді тартады. Оның міндеті - Ханның құпия жоспарларын әшкерелеу. Жахонгирді алда қандай қиындықтар күтіп тұр?

Рөлдерде: Миролим Киличов, Сирожбек Абдуллаев, Саида Саидбекова, Алихан Хусниддинов, Наргиза Рахимова, Дилшод Ибрагимов, Талат Юлдашев, Хусан Жураев

Қазір эфирде