{metadescription}
Жат туыстар - 6 бөлім

Жат туыстар

14.10.2019

ДҮЙСЕНБІ - ЖҰМА - 17:00

Тұсаукесер!

Отбасылық драма

Өмірбековтердің қара шаңырағынан көп жылдан бері береке-бірлік кеткен еді. Отағасы Қасым Өмірбеков өз ұлдары, астаналық шенеунік Самат пен радионың директоры Ержанды қанша татуластырғысы келгенімен, оның бұл әрекетінен түк шықпайды, өйткені ағайынды екі жігіт бір-бірімен араласқысы келмейді. Әкелері кенеттен қайтыс болған соң ағайынды жігіттер өз жанұяларымен бірге қара шаңыраққа келуге мәжбүр болады. Алайда Самат әйелі Айгүлмен және балаларымен, Ержан қалыңдығымен бірге туған үйлеріне әкесінің әруағын құрметтегендіктен ғана келмеген еді. Олардың барлығы кезінде шағын қалашықтың әкімі болған марқұм әкелерінің мұрасынан өздеріне тиесілі қомақты үлесті көздеп келеді. Әкелерін жерлеп болған олар Қасымның сенімді өкілі, нотариус Олжасты өсиетхатты жария етеді деп күтеді. Алайда нотариус марқұм Қасым Өмірбековтің соңғы тілегін жария етуге үлгермейді, оны өлі күйінде тауып алады. Ал конверттегі өсиетхат жоқ болып кетеді.

Осыдан соң сырттан келген туыстардың барлығы тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беріп, қалада қалуға мәжбүр болады. Сөйтіп, Өмірбековтердің қара шаңырағында ұрыс-керіс, алдау-арбау, шиеленіске толы оқиғалар орын алады, бұрынғы махаббат оқиғалары су бетіне қалқып шығып, отбасы мүшелері ұзақ уақыт жасырып келген құпия-сырлар бірінен кейін бірі ашыла бастайды. Үй қызметшілері де күдіктілер қатарынан табылады, өйткені аспаз бен бағбанның да кісі өлтіретіндей уәждері бар. Көрермендер тергеуші Ниязбен бірге нотариусты кім өлтірді және ол өсиетхатта не жазылған деген басты сұраққа жауап іздейді.

Рөлдерде: Саят Мерекеұлы, Гүлжамал Қазақбаева, Бексұлтан Әкімжан, Захира Рахымжан, Жандарбек Садырбаев, Жанар Мақашева, Ақбаян Өмірқұл, Ертуған Құрмашев

Қазір эфирде