{metadescription}
Қыстағыңа қош келдің!

Қыстағыңа қош келдің!

СЕНБІ - 22:00

Мелодрама (4 бөлім)

Лера – құрбыларымен тойлатып, шалқуды және сәнденіп киінуді ғана білетін ерке әрі өте қырсық қыз. Әкесі қайтыс болған соң, жалғыз қалған алаңсыз кейіпкеріміз кейін қалай боларын еш ойланбастан, әкесінен қалған фирманы басқару құқығын Алексей деген жігітіне бере салады. Кейінірек пайдасы мол фирмасын басқарумен қатар бүкіл мекемені де түгел соның атына жаздыртқаны белгілі болады. Алексей болса, өз дегеніне қолы жетісімен, Лераны біржола тастап, тайып тұрады.

Мүлде ақшасыз қалып, туыстарынан да еш қолдау көрмей, не істерін білмеген мүсәпір қыз «Канары» деген тым оғаш атауы бар қыстаққа кетеді. Валерия мұнда әкесінен өзіне бұйырған жалғыз ферма қалғанын білетін. Өнімі күрт азайып кеткен оны сатып жіберуге марқұм үлгермей қалса керек. Бұл қыстақта Лера шипалы шөптер жинайтын Клава әжеймен және омарташы Николаймен жақынырақ танысып, осындағы ферманы қайта қалпына келтіруге шамалары жеткенше қол ұшын бергісі келетіндерін естиді...

Рөлдерде: Елена Шилова, Александр Пашков, Константин Октябрьский

Қазір эфирде