{metadescription}
Маргаританың екінші өмірі

Маргаританың екінші өмірі

БЕЙСЕНБІ - ЖҰМА - 14:30

Мелодрама (4 бөлім)

Бас кейіпкер Маргарита басқа амалы жоқ болғандықтан, өзі сүймейтін жігітке тұрмысқа шығады. Ол Кириллмен жанына жақын адамы өмірден өткен соң жұбаныш іздеп бас қосқан еді. Оның сүйген жігіті Георгий өмірден тым ерте кеткен. Бас кейіпкер әйел жиырма бес жыл бойы оның зиратына барып, гүл қойып кетіп жүреді. Осы бір қайғылы оқиғадан соң Маргарита театрдағы қызметінен бас тартады. Ол үнемі актриса болуды армандайтын, алайда оның сәті түспейді. Енді оған бар күш-қуатын жинап, әрі қарай өмір сүруі керек. Алайда мұның бәрі Марго Георгийді аман-сау күйінде кездестірген кезде өзгереді. Арада жиырма бес жыл уақыт өткен... Сөйтсе, Кирилл оған осы уақытқа дейін өтірік айтып келген екен. Ол Маргоның сүйген жігітінің тірі екенін біліпті. Алайда Кирилл Маргаританы өзіне қайтарып алуға ұмтылмайды. Кириллге ренжіген Маргарита одан кетіп, өмірдің мәнін басқа жақтан іздемек болады. Кирилл оны жиырма бес жыл жұмыс істемегендіктен еш жерден жұмыс таба алмайды деп ойлайды. Бірақ Марго әлеуметтік қызметке әлеуметтік қызметкер боп жұмысқа тұрады. Бас кейіпкер әйел мен оған келіп жүрген кейуаналардың мұң-зары бір болады деп кім ойлаған? Маргарита өз клиенттеріне көмектесудің амалын табады.

Рөлдерде: Вера Воронкова, Александр Ивашкевич, Александр Наумов, Андрей Заводюк

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.