{metadescription}
Оның құпиясы

Оның құпиясы

ЖҰМА - 21:40

Криминалдық драма (4 бөлім)

Игорь – Мәскеуді бағындыруда алғашқы қадам жасап жүрген, болашағынан зор үміт күттіретін жас заңгер. Оны ірі девелоперлік компанияға жұмысқа алып, жолы болып кетеді. Алда оны мансап баспалдағы мен сұлу Жаннамен бақытты өмір күтіп тұрады. Олардың қарым-қатынасы тез қарқын алады, осы сәтте Игорь ойламаған жерден компания басшысының қызының өзіне өлердей ғашық екенін түсінеді. Маша – көзге түсе бермейтіндей, құдды басқа ғаламшардан келгендей қияли қыз, ол жаны жарқын, қызуқанды Жаннаға мүлде ұқсамайды. Алайда Игорь олигархтың жалғыз қызына көңілін білдіргені сол-ақ екен, оның бар арманы орындала бастайды. Бірақ Игорь Жаннаны шын мәнінде жақсы көреді және оған үйленуге сөз салмақ болады. Жігіт бірнеше ай бойы бай мұрагер қызды таңдамас бұрын екі қызбен де жасырын кездесіп, қиналып жүреді. Алайда ол өзінің бөтен біреудің ойынындағы ойыншыққа айналғанын сезбейді. Көп ұзамай табысты жас жігіттің өмірі нағыз тозаққа айналады және оған қайтадан таңдау жасауына тура келеді.

Рөлдерде: Филипп Бледный, Анастасия Мытражик, Александр Наумов, Ирина Чериченко, Александра Богданова             

Қазір эфирде