Құжат суреті
Құжат суреті

Құжат суреті

СЕНБІ - 23:40

Мелодрама

Россия, 2013 жыл

Осыдан бес жыл бұрын мәскеулік ерлі-зайыпты студенттер Аня мен Владтың махаббаттан басқа еш қызықтары болмайтын. Ал, қазір жап-жақсы қызметтері, жайлы пәтерлері бар. Әр мереке сайын күйеуі Аняға қымбат сыйлықтар тарту етеді. Ал, махаббаттары қайда қалды? Кейбір сәттері Аня бойындағы нәзік сезімнен айрылып қалғандай сезінетін... Өзіне не болғанын білмек болған ол іссапармен Киевке аттанады. Ол жақта мамыр айында бүр жарған бөртегүл мен талшынның тамаша хош иісі мас қылып,  көшелері әдемі әсерге бөлейтін болды. Ал, қасынан фотограф жігіттің тіпті қалмайтынын қайтерсің! Кейін таныса келе, жүрекжарды сырларының бір арнаға тоғыса берерін де байқай бастады. Аня ақырында оған ғашық болып қалды! Әлде мұнысы алдамшы сезім бе? Ал, күйеуі Киевке келген кезде қандай сыры ашылып қалар екен? Апырай, онда Аня не істер екен?! Тосын сезімге бой алдырар ма екен әлде бұрынғы өмірінің тереңінен маржан іздер ме екен?

Басты рөлдерде: Юлия Маврина, Эльдар Лебедев

Кеше2

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...