{metadescription}
Махаббат көкжиегі

Махаббат көкжиегі

ЖҰМА - 21:40

Мелодрама (4 бөлім)

Украина, 2018 жыл

Варвара өз күйеуінің жас, сұлу қызбен байланысып, өзіне опасыздық жасап жүргенін білгеннен кейін оның өмірінің астаң-кестеңі шығады. Ол күйеуіне толық сеніп үйренгендіктен, өмірін өз отбасына біржола арнаған жан болатын. Күйеуінің опасыздығы келіншектің жанын қатты жаралайды. Оның бары да, нары да өсіріп отырған жалғыз қызы еді, енді оны бір өзінің бағып-қағуына тура келеді. Отбасына жасаған опасыздығынан бөлек, күйеуінің қолы таза емес болып шығып, ақыр соңында ол түрмеге түседі. Күйеуі басына түскен бар қайғыға Варвараны кінәлайды. Осыдан соң ер адамға қалай сенім артуға болады? Алайда уақыт бәрін емдеп-жазады. Арада біраз уақыт өткен соң Варвара қарапайым, ұялшақ мұғалім жігітпен танысады. Илья да ол кезде қиын кезеңді басынан өткеріп жүрген болатын. Тағдырдың жазуымен кездескен бұл екеуі ортақ тіл табысып, өмірлерін жақсы жағынан қарай өзгертуі әбден мүмкін.

Рөлдерде: Даниил Белых, Любомирас Лаучявичус, Дмитрий Сарансков, Марина Денисова, Наталья Батрак

Қазір эфирде