{metadescription}
Бақытты болғым келеді

Бақытты болғым келеді

ЖЕКСЕНБІ - 21:00

Мелодрама

Жасы елуді алқымдаған Людмила өз өмірінде түрлі қиындықтарды басынан кешіреді. Жеке өмірде де жолы бола бермейді. Ол жас кезінен жақсылықтан үміт үзбей, болашақта отбасын құра алатынына, бала сүйетініне сенеді, алайда өмірде бәрі өзі ойлағандай бола бермейді. Ерте тұрмысқа шыққанымен, отбасылық бақытты сезіне алмайды. Людмила күйеуі опасыздық жасаған соң, бәріне шыдап, қызын әрі қарай жалғыз тәрбиелейді. Сөйтіп жүргенде қызы Даша бой жетеді. Ол Мәскеуге көшіп кетіп, сол жақта тұрмысқа шығады. Люда үйінде жалғыз қалады. Жалғыз қалғаны жайлы ойламауы үшін оның көп жұмыс істеуге тура келеді. Людмила қызын қаржы жағынан тарықтырмауды өз міндеті санайды. Сол себепті өз пәтерін жалға береді. Сөйтіп, Мәскеуге көшіп кетіп, қызына жақын тұруды ойластырады. Даша анасына өз баласын қарап бер дейді. Алайда Дарьяның күйеуі Тимофейге бұл ой ұнамайды. Ол жұбайын анасына барынша қарсы қоюға тырысады. Людмила амалсыздан үйіне қайтып келеді. Ол өзінің өмірден құр қалғанын, жалғыз екенін түсінеді. Сонда оның өмірінде өзін бақытты ететіндей ештеңе болмай ма? Оның бұған сенуден басқа амалы жоқ...

Рөлдерде: Светлана Тимофеева-Летуновская, Марина Куделинская, Дарья Пармененкова, Игорь Сигов             

Қазір эфирде