{metadescription}
Боз қырау

Боз қырау

ЖЕКСЕНБІ - 22:30

Мелодрама

Ольга өте қарапайым қыз болғандықтан жігіттермен көп араласа бермейтін. Ол медбике болып жұмыс істеп, қымбат дәрі-дәрмектерді қажет ететін қарт анасына күтім жасап жүреді. Күтпеген жерден Оляның өмірінде бірден екі жігіт пайда болады да, екеуі де қызға шын ниетін білдіре бастайды. Оның бірі - кез келген қымбат дәріні тауып беруге қабілетті, ауқатты, ақылды Иннокентий болса, екіншісі – жүзінен мейірім төгіліп тұратын, қарапайым күзетші Андрей. Ол – ұлын жалғыз тәрбиелеп отырған әке. Ольга таңдау жасауға қиналады, алайда оның дұрыс таңдау жасауына бір-бірін бұрыннан танитын екі жігіттің өткен өмірі көмектеседі.

Рөлдерде: Любава Грешнова, Нина Гусева, Татьяна Чернопятова

Қазір эфирде