{metadescription}
Бақытты бойжеткен

Бақытты бойжеткен

СЕНБІ - 15:00

Мелодрама (4 бөлім)

Алексей – өзінің сүйікті жұмысына тұтастай берілген дарынды, тамаша хирург. Ол медицина саласында мансап биігіне жетуді көздемесе де, өз мамандығына берілгені соншалық, демалмастан жұмыс істейді. Хирург болу асқан ыждағаттылық пен мұқияттылықты талап еткендіктен, Алексейдің бастығы оған демалып, күш жинау үшін бірнеше күнге демалысқа шығуды ұсынады. Еңбекқорлық пен жанкештілік жақсы болғанымен, демалу да аса қажет нәрсе екендігін ескертеді. Бастығының бұйрығын орындамақ болған фильм кейіпкері уақытын өлтіру үшін кинотеатрға кірмек болады. Ол жерде Алексей Аля есімді сұлу да сүйкімді бойжеткенмен танысып, оны кездесуге шақырады. Бойжеткен жігітпен кездесуге мүгедек арбасымен келеді. Леша оның мүгедек екенін білмеген болатын, себебі Аля кино көріп отырғанда орнынан тұрмағандықтан және кино аяқталған соң Лешадан кейін шыққандықтан, жігіт қыздың мұндай кемістігін байқамай қалып еді. Алайда Аляға өзінің мүгедектігі өмірге құштар болуына, рахаттана өмір сүруіне еш кедергі келтірмейді. Жігіт жаңа танысқан бойжеткенге бірден ғашық болып қалады, алайда ол бұл қызды бұрын көргенін есінен шығарып алған еді. Он жыл бұрын осы Алексей жасаған отаның сәтсіз болғандығынан Аля мүгедек арбасына таңылған болатын. Аля Алексейді бірден таниды. Украиндық «Бақытты бойжеткен» сериалы махаббат пен өшпенділік, кешіру пен жазғыру сезімі астаса түсірілген көп қырлы оқиға. Мүгедек қыз өзінің арбаға таңылуына себепкер болған жігітті кешіре ала ма? Ал жігіт ше, қыз алдындағы айыбын өтей ала ма?

Рөлдерде: Александр Попов, Клавдия Дрозд, Анатоль Фон-Филандра

Қазір эфирде