{metadescription}
Қара теңіз

Қара теңіз

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 18:00

Тұсаукесер!

Драма

Нефесті әкесі 16 жасында сатып жіберген еді. Олөзінің қаржылық жағдайын қызының есебінен түземек болған-тын. Әкесінің дегеніне көнуге мәжбүр болған бойжеткен Ведат Сайярдың үйіне көшіп келеді. Ол – Қаратеңіз жағалауындағы бар қаланы уысында ұстай алатын өте ықпалды және бай адам. Тамыр-танысы көп, жоғары лауазымдыер адамға бәрі бағынады, бұл оған зор мүмкіндік береді. 8 жыл бойы ондай адаммен тұрмыс құру бойжеткенге оңай соқпайды. Өйткені күйеуіНефеске меншігі ретінде қарайтынқатігез де қатал адам еді. Ол әйелін үнемі ұрып-соғып, зорлап, қорлап, оның көзіне шөп салып жүреді. Нефестің өмірінің мәні–7 жасар ұлы Йигит. Ол болмағанда, Нефес баяғыда-ақ өз-өзіне қол жұмсар еді. Күйеуінен бірнеше рет қашып кеткен ол ақыр соңында таяқ жеп тынған болатын.Нефестіңадам сияқты өмір сүруден үміті үзіледі. Өйткені ол өзін ешкімнің қорғай алмайтынын түсінеді. Бірақ бірде жас келіншек ойламаған жерден Тахир Калелимен танысады. Жігіт көзі мұңға толы жас сұлуға бірден ғашық боп қалады. Нефес те оны ұнатып қалады, алайда өз сезімінен өзі қорқады. Өйткені жұбайы бар шындықты біліп қойса, әйелінің көзін құртады. Қос ғашық келіншектіңқатігез күйеуінен қашып кете ала ма? Бұрын талай қашып кеткенімен одан түк шықпап еді ғой?

Рөлдерде: Улаш Туна Астепе, Ирем Хелваджиоглу, Синан Тузджу

Қазір эфирде