{metadescription}
Өткен күндер елесі

Өткен күндер елесі

ЖЕКСЕНБІ - 21:00

Мелодрама

Надя өз күйеуінің кісі тонар қылмыскер екенін кеш біледі. Ол өз ұлына әкесінің альпинист екендігін, оның шыңға шығам деп жүріп қаза болғанын айтып береді. Ваня он екі жыл бойы осы әңгімеге сеніп жүреді. Бір күні Надяның күйеуі Андрей рақымшылық бойынша түрмеден босап шығып, өз үйіне қайтып келеді. Осыдан бастап Надяның бойын қорқыныш билейді. Ол өзінің өмірі үшін ғана емес, ұлының болашағы үшін қатты алаңдайды. Өйткені әкесінің түрмеде алған «ілімі» көп ұзамай баласының бойына жұға бастайды. Әкесі ұлын: «Күшің жетпесе қулықпен, зұлымдықпен ал» деп үйретеді. Андрейден алған «ілімінің» арқасында Ваня өзіне бұрын талай рет таяқ жегізген сыныптасын ұрып тастайды. Осындай жаман әдеттер жалғаса береді. Кейін Андрей оны өзімен бірге қылмыстық іс жасауға ертіп апармақ болады. Надяның жасөспірім ұлын қылмыскер күйеуінің жымысқы әрекетінен құтқаруға шамасы келмейді. Алайда оның арқа сүйейтін бір досы бар. Мектепте жұмыс істейтін қарапайым мұғалім болса да, Надя оның қасында өзін батыл сезінеді.

Рөлдерде: Алла ЮгановаАлександр РатниковАртём Григорьев

Қазір эфирде