Оқиға Алматының элиталық ауданында өрбиді. Мұнда зәулім виллалар мен таунхаустардың арасында ерекше полиция бөлімі ашылады. Оның қызметкерлері – елдің алыс аймақтарынан келген «ауылдық кадрлар». Арасында ондаған жылдар бойы қой ұрлығын тергеп келген «Аксақал», ІІМ академиясын жаңа тәмамдаған романтик «Жас маман», іс қағаздардан гөрі тәттілер мен сериалдарға құмар «Паспортшы қыз» бар. Сондай-ақ «тәрбиеленуге» жіберілген қыңыр генералдың ұлы – «Алтынбалашка» және қатаң мінезді астаналық тергеуші де осында. Осы әрқилы мінезді «арман командасы» ең тосын жағдайда да тәртіп орнатып, елдегі үлгілі бөлімге айнала алатынын дәлелдеуі тиіс. Бірақ алдымен олардың бір-бірімен тіл табысып, элиталық особняктардың биік дуалдарының ар жағындағы даулы істерді бірге тергеуі қажет. Күлкілі жағдайлар, күтпеген бұрылыстар мен таныс өмірлік мінездер – мұның бәрі жаңа «Көп. Қап. Заң» сериалында!